Ауа райы • Бүгін, 08:05

Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады

1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері 31 мамыр, жексенбі күні ел аумағындағы ауа райы болжамын жариялады. Елдің оңтүстік және орталық өңірлерінде күн қатты ысиды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады

Ең жоғары температура Түркістан облысында тіркелмек – күндіз ауа температурасы +38...+40 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ Шымкент, Қонаев, Қызылорда, Тараз, Талдықорған және Жезқазған қалаларында +35...+38 градусқа дейін ыстық болады.

Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетауда жауын-шашынсыз, күн ашық болып, ауа температурасы +31...+33 градусқа дейін жетеді.

Батыс Қазақстанның кейбір өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады. Ақтауда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Ақтөбе, Қостанай және Орал қалаларында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Оралда бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы ықтимал.

Солтүстік өңірлерде де жел күшейеді. Петропавлда түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар