Мәдениет • Бүгін, 13:08

Яндекс Плюс жазылымдағы жаңартулар туралы хабарлайды

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Күзде Яндекс Плюс жазылымында елеулі контенттік жаңалықтар пайда болады. Кинопоиск сервисінде «Патруль. Последний приказ» комедиясының жалғасын, сондай-ақ Чемпиондар Лигасын және тағы басқаларын көруге болады.

Яндекс Плюс жазылымдағы жаңартулар туралы хабарлайды

Бұдан бөлек, жазылушылар үшін Плюс ұпайларымен кешбэк және Алматы мен Астанада Яндекс Еда қызметінде тегін жеткізу науқаны қолданыста қалады. 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап айлық жазылым құны – айына 1 999 теңге, ал жылдық жазылым – жылына 19 990 теңге болады. Жаңа Яндекс Плюс жазылушылары, сондай-ақ айлық жазылым иелері 2025 жылдың соңына дейін Яндекс Плюс жылдық жазылымын тиімді бағамен — 14 990 теңгеге сатып ала алады. Шарттар, автожаңарту және мүмкіндіктер туралы толық ақпарат жазылушының жеке кабинетінде ұсынылған.

Жазылымдағы контент

18 қыркүйектен бастап Кинопоиск сервисінде культті «Патруль. Последний приказ» комедиясының жалғасы шығады, онда сүйікті кейіпкерлер қайтадан күлкілі де күтпеген жағдайлар иіріміне түседі. Кинопоиск арқылы Яндекс Плюс жазылушыларына әлемдік премьералар да, қазақстандық кинопрокаттың танымал фильмдері де бұрынғыдай қолжетімді болады. Мәселен, «Дәстүр», «Таптым-ау сені», «Заманback», «Молда», «Кеттік, бәрін таста», «Таптым-ау сені – 2», «Брат или брак 3», «Qazaq alemi», «Жездуха» және басқалары.

Қыркүйек айының соңында Кинопоиск «Қайраттың» қатысуымен өтетін Чемпиондар Лигасы матчтарын көрсетеді: 18 қыркүйекте футбол клубы «Спортингпен» ойнайды, ал 30 қыркүйекте өз алаңында Мадридтің «Реалын» қабылдайды. Бұдан бөлек, көрермендерді Еуропаның даңқты дербилері күтеді: 14 қыркүйек – «Манчестер Сити» vs «Манчестер Юнайтед», 21 қыркүйек – «Арсенал» vs «Манчестер Сити», 27 қыркүйек – «Атлетико» vs «Реал».

Яндекс Музыка жергілікті және шетелдік әртістер тректерімен толықтырылып отырады, ал жекелендірілген «Менің толқыным» функциясы талғам мен көңіл-күйді ескере отырып, соның ішінде қазақ тілінде де, іріктелген әндерді ұсынады. Спортпен шұғылдануға арналған тартымды темпі бар тақырыптық плейлисттер де қолжетімді.

Яндекс Книги аясындағы науқан бойынша Яндекс Плюс жазылушыларына 2 000-нан астам кітап ашық электрондық және аудиоформатта жарияланады. Қазақ тіліндегі іріктелген кітаптар – көркем, іскерлік, оқу және балалар әдебиеттері қолжетімді.

Қосымша мүмкіндіктер

Яндекс Плюс жазылымы бұрынғыдай Яндекс сервистерінде төлем жасағанда Плюс ұпайларымен кешбэк алуға мүмкіндік береді, ал Яндекс Плюс x ForteBank науқаны аясында Яндекс Плюс Forte картасының иелері 10%-ға дейін кешбэк ала алады.