Кино • Бүгін, 10:35

«Бауырына салу» фильмі Италиядағы беделді кинофестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық фильм Италиядағы беделді кинофестивальде «Үздік толықметражды фильм» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бауырына салу» фильмі Италиядағы беделді кинофестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық режиссер Асхат Кучинчерековтің «Бауырына салу» көркем фильмі Италияның Иския аралында өткен 23-ші Ischia Film Festival халықаралық кинофестивалінде «Үздік толықметражды фильм» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды.

«Бауырына салу» бұған дейін де бірқатар беделді фестивальдерде топ жарған:

  • Asia Pacific Screen Awards байқауында – «Ең үздік жастар фильмі» атанды,
  • Baku International Film Festival (Әзербайжан) – бас жүлде,
  • Cinema Heritage Festival (Франция) – арнайы марапат,
  • Оператор Жанарбек Елеубек – Asia World Film Festival аясында «Үздік оператор» номинациясын жеңіп алды.

Сонымен қатар туынды «Оскар-2025» сыйлығына «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша Қазақстан атынан ресми ұсынылды.

Картинаның сюжеті – ежелгі қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың тағдырына негізделген. Әжесі қайтыс болған соң, бала ата-анасына оралып, жаңа ортаға бейімделуде қиындықтарға тап болады.

Ischia Film Festival – 2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан, Еуропадағы ең көркем және ерекше кинофестивальдердің бірі. Ортағасырлық Арагон сарайының аумағында өтетін бұл шара түсірілім орындарының көркемдік және мәдени маңызын бағалауға ерекше мән береді.