Мәдениет • Кеше

«Оскар-2026»: алдын ала шорт-парақ жарияланды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Америкалық киноакадемия 98-ші «Оскар» сыйлығының 12 аталымы бойынша шорт-парағын жариялады. Алдын ала іріктеуде «Злая: Навсегда» және «Грешники» фильмдері көш бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оскар-2026»: алдын ала шорт-парақ жарияланды

Киноакадемия мәліметінше, биылғы шорт-параққа анимациялық қысқаметражды фильм, кастинг, операторлық жұмыс, толықметражды және қысқаметражды деректі фильмдер, визуалды эффектілер, дыбыс, грим мен шаш үлгісі, музыкалық сүйемелдеу және өзге де техникалық әрі шығармашылық аталымдар енген.

Алдын ала іріктеуде «Злая: Навсегда» және «Грешники» фильмдері бірден жеті аталым бойынша шорт-параққа өтіп, маусымның басты фавориттері ретінде аталды. Бұл жобалар кастинг, операторлық жұмыс, грим мен шаш үлгісі, түпнұсқа саундтрек, түпнұсқа ән, дыбыс және визуалды эффектілер санаттарында үздік деп танылуға үміткер.

Алты аталымға «Франкенштейн», бес аталымнан «F1», «Битва за битвой» және «Сират» фильмдері енді. Үш-төрт аталым бойынша «Марти Великолепный», «Аватар 3: Пламя и пепел», «Хамнет», «Трон: Арес» және «Сны поездов» фильмдері ұсынылған.

«Үздік халықаралық фильм» аталымы бойынша шорт-параққа енгендер:

  • Аргентина – «Вифлеем»;
  • Бразилия – «Секретный агент»;
  • Франция – «Простая случайность»;
  • Германия – «Звук падения»;
  • Үндістан – «Возвращение домой»;
  • Ирак – «Торт президента»;
  • Жапония – «Национальное достояние»;
  • Иордания – «Всё, что от тебя осталось»;
  • Норвегия – «Сентиментальная ценность»;
  • Палестина – «Палестина 36»;
  • Оңтүстік Корея – «Метод исключения»;
  • Испания – «Сират»;
  • Швейцария – «Ночная смена»;
  • Тайвань – «Левша»;
  • Тунис – «Голос Хинд Раджаб».

Түпнұсқа ән (Original Song) аталымы бойынша шорт-парақ:

  • – As Alive As You Need Me To Be («Трон: Арес»);
  • – Dear Me («Дайан Уоррен: Неумолимая»);
  • – Dream As One («Аватар: Пламя и пепел»);
  • – Drive («F1»);
  • – Dying To Live («Билли Айдол должен быть мёртв»);
  • – The Girl In The Bubble («Злая: Навсегда»);
  • – Golden («Кейпоп-охотницы на демонов»);
  • – Highest 2 Lowest («Рай и ад»);
  • – I Lied To You («Грешники»);
  • – Last Time (I Seen The Sun) («Грешники»);
  • – No Place Like Home («Злая: Навсегда»);
  • – Our Love («Баллада острова Уоллис»);
  • – Salt Then Sour Then Sweet («Увидь меня в хорошем свете»);
  • – Sweet Dreams Of Joy («Viva Verdi!»);
  • – Train Dreams («Сны поездов»).

Киноакадемия мүшелерінің дауыс беруі 12 қаңтарда басталып, 16 қаңтарда аяқталады. Ал «Оскар-2026» сыйлығының ресми номинанттары 22 қаңтарда жарияланады.

98-ші «Оскар» марапаттау рәсімі 15 наурызда өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында көпір құлады

Төтенше жағдай • Кеше