Аталған галерея жетекшісі Кәмила Жапалованың айтуынша, қайталанбас өнерімен ел ықыласына бөленген актердің шығармашылығына арналған еске алу кеші ұйымдастырылады.
«Еске алу кеші – ұлттық кино өнеріне өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның рухына тағзым. Іс-шара аясында көрнекті актер Асанәлі Әшімов түскен фильмдерден киноқойылым ұсынуды жөн көрдік. Тұрғындар киноға тегін кіреді», дейді Кәмила Жапалова.
Киноапталық 22 желтоқсанда басталды. Сол күні әйгілі «Қыз Жібек», кеше «Атаманның ақыры» көрсетілді. Атыраулықтар бүгін «Сіз кімсіз, Ка мырза?», ертең «Әруақ» фильміне куә болады.
Ал 26 желтоқсанда «Ұлы дала таңы» киносы киноапталықтың нүктесін қояды.