бақ
Қоғам • 26 Маусым, 2025
Қазақстандағы демалыс саябақтарының саны артты
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,1%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Маусым, 2025
Бүгін елордамызда «Астана Тазалық» серіктестігінің бастамасымен журналистерге арналған баспасөз туры өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2025
Тұмар-2025 ұлттық сыйлығына үміткерлердің қысқа тізімі жарияланды
Бүгін БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Тұмар-2025» ұлттық телевизиялық сыйлығының он бір номинациясы бойынша номинанттар анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президенттің қолынан марапат алған журналистер белгілі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 24 Маусым, 2025
Отандық журналистер әрдайым шығармашыл, жаңашыл әрі дамуға құштар - Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтап, ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Маусым, 2025
Павлодарда тәрбиеші балаларға қатыгездік көрсеткен
Павлодар қаласындағы №116 балабақшада тәрбиешінің екі жасар балаларға қатыгездік көрсеткені белгілі болды. Оқиға бейнебақылау камераларынан байқалған. Бұл туралы Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Маусым, 2025
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында Алаш ардақтысы Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған дәстүрлі XIV бильярд турнирін өткізді.Ұйымдастырылған іс-шараның деңгейі мен ауқымы артып келді.Биыл 14-ші мәрте өткен турнирге қырықтан аса БАҚ өкілдері мен зиялы қауым қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Маусым, 2025
Елімізде балаларды балабақшамен қамту деңгейі артты
Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру саласын жетілдіру мақсатында ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі. Жаңа тетік ата-аналарға балабақшаны еркін таңдауға мүмкіндік беріп, қаржыландыру үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Жоба бүгінде бірнеше қала мен ауданда іске қосылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 15 Маусым, 2025
Астанада Әкелер күніне орай шеберлік сағаты өтті
Астанада Әкелер күніне орай балалар мен олардың әкелеріне арналған бірегей шеберлік сағаты ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Маусым, 2025
Астанада ата-аналарды алдап соққан алаяқ сотталды
Елордада балабақшадан орын алып беремін деп 30-дан астам ата-анаға уәде беріп, орындамай кеткен алаяққа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 11 Маусым, 2025
Қызылжарда құрма пісіп, қарқ қылды
Қызылжардың атақты ботаника бағында 230 жылдық құрма ағашы жеміс беріп, алғашқы құрмалар саулап түсе бастаған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 11 Маусым, 2025
Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады
Біріккен күрес әлемінің (UWW) әйелдер арасындағы жаңартылған рейтингі жарияланды. Рейтингтің 72 келі көрсеткішінде отандасымыз Жәмилә Бақбергенова бірінші болды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Маусым, 2025
Балабақшадағы тәрбиешілер қатыгездігі қашан тыйылады
Соңғы жылдары елімізде мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиешілер тарапынан балаларға қатыгездік көрсету үрдісі белең алып келеді. Әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде балабақшадағы зорлық-зомбылық әрекеттері бейнежазбалар арқылы әшкереленіп, қоғамда үлкен наразылық туғызды. Таңертең баласын балабақшаға апарып тастаған ата-аналар алаңсыз отыра алмайтын күнге жеткендерін айтып, бұл бассыздыққа тосқауыл қоюды талап етуде. Бейкүнә бүлдіршіндерге қорған болуы тиіс мекемелерде керісінше қорлық көрсету оқиғаларының жиілеуі тәрбиешілердің біліктілігі мен жауапкершілігіне селкеу түсіріп отыр. Осы орайда Egemen.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сауал жолдап, мемлекет тарапынан нақты қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.
Қаржы • 09 Маусым, 2025
Цифрлық бақылау бюджеттің ашықтығын жаңа деңгейге көтерді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік бюджет шығыстарын цифрлық бақылау арқылы аудит сапасын арттырып, қаржылық тәртіпті күшейтті деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 04 Маусым, 2025
Студенттер саябақтарды көгалдандыру жұмыстарына араласады
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің экология және ландшафт дизайны мамандығына оқып жатқан студенттері қаланың орталық саябағындағы көгалдандыру жұмыстарына араласа бастады, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 04 Маусым, 2025
Журналистер құқықтық сауаттылығын арттырды
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі Жазира Жылқышиева «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің ұжымымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Қызылордадағы балабақшада бүлдіршін қайнаған суға күйіп қалды
Бір жарым жасар баланың ауыр халге түсуіне байланысты балабақшалардағы қауіпсіздік мәселесі қайта көтерілді. Тергеу басталды, облыс басшылығы жағдайды бақылауға алды деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Маусым, 2025
Ақтөбеде мүгедек балаларға балабақша салынып жатыр
Ақтөбе қаласының Есет батыр ықшамауданында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған 300 орындық балабақша құрылысы басталды. Жоба құны 8 млрд теңгені құрайды. Құрылыс мемлекетке қайтарылған заңсыз активтердің есебінен салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Маусым, 2025
Балабақшаға қабылдау ережелері жарияланды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға 2025-2026 оқу жылына балаларды қабылдау тәртібін жариялады. Балабақшаларға топтарды қабылдау жас ерекшеліктеріне қарай 31 тамызға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 28 Мамыр, 2025
«Қиял әлемі» көзден ғайып болды
Шымкентте ширек ғасырдан астам халыққа қызмет көрсеткен аттракциондар паркі «Қиял әлемі» саябағы қызметің біржолата тоқтатты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Танымал журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті
Танымал спорт журналисі, БАҚ саласының белгілі өкілі Диас Ахметшәріп 49 жасында өмірден өтті. Мәліметті Туризм және спорт министрлігі растады.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
CNN тілшісі Астана халықаралық форумында санкциялар туралы айтады
CNN телеарнасының халықаралық тілшісі Ханако Монтгомери 29-30 мамырда Астанада өтетін Astana International Forum панельдік сессияларының модераторы болады.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Мәдениет қызметкерлерінің форумына 600-ден астам сарапшы қатысты
2025 жылғы 19 мамырда Астанада Мәдениет қызметкерлері форумының ашылуы болып өтті. Іс-шара мәдениет және өнер қайраткерлерінің кәсіби мерекесіне арналды.
Құрылыс • 19 Мамыр, 2025
Алматыда заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілді
Соңғы үш жылда қалада рұқсатсыз салынған 88 нысан толығымен немесе жартылай бұзылған. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті. Ал, биыл заңсыз салынған 18 ғимарат сүрілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Мамыр, 2025
Әлеуметтік маңызы бар тауар бағасы тұрғысында 24 млн теңге айыппұл салынған
Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және сауда үстемелерінің негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және өңірлік комиссиялармен өзара іс-қимыл жасау тұрғысында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2025
ШҚО-да еңбек қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды
ШҚО-да өндірістегі қауіп-қатерлерді талдап, болжауға және жұмысшылардың еңбек жағдайы мен қауіпті аймақтарды онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі бірыңғай цифрлық мониторинг платформасын енгізу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 05 Мамыр, 2025
Енді жолдың сапасын халық бақылайды
Көлік министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардың сапасын арттыруға бағытталған «Халықтық бақылау» ауқымды жобасын іске қосты. Енді әрбір азамат елде салынып жатқан күрежолдың жай-күйін бағалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Шиелідегі балабақшада бүлдіршінді 25 жерінен тістелеп тастаған
Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы балабақшалардың бірінде 1,5 жасар баланы қатарластары 25 рет тістелеп тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2025
Әуе толқынына Jibek Joly радиосы қосылды
1 мамырдан бастап елімізде «Jibek Joly» радиосы хабар тарата бастайды. Бұл - ҚР Президенті Телерадиокешенінің жаңа медиажобасы, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға • 29 Сәуір, 2025
Енді құрылыс саласы портал арқылы бақыланады
Қазақстанда құрылыс саласының ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында жаңа бірыңғай портал енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.