
Фото: eskeldi-eli.kz
Бірінші вице-министрдің мәліметінше, елімізде бүгінгі таңда 11 854 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оларда 1 миллионнан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Оның ішінде:
- 5 456 мемлекеттік балабақшада — 467 мың бала;
- 6 398 жекеменшік балабақшада — 541 мың бала қамтылған.
Сонымен қатар, 2-6 жас аралығындағы 98 мың бала мектепке дейінгі ұйымға кезекте тұр. Бұл көрсеткіш мектепке дейінгі білім беру қызметіне ата-аналардың сұранысын ескере отырып есептеледі.
Алайда кейбір өңірлерде қамту деңгейі төмен:
- Қызылорда облысында — 84,3%;
- Шығыс Қазақстан облысында — 88,0%;
- Қарағанды облысында — 88,7%;
- Алматы қаласында — 87,0%;
- Астана қаласында — 88,4%;
- Шымкент қаласында — 84,2%.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы балалардың мектепке дейінгі біліммен жалпы қамтылу коэффициенті 40,9%-ды құраған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда қалалық жерде 0,1%-ға, ауылдық жерде 0,5%-ға артқан.
Майра Мелдебекованың айтуынша, 2028 жылға дейін 2-6 жас аралығындағы барлық баланы мектепке дейінгі біліммен толық қамту жоспарланып отыр. Бұл ретте ата-аналардың балабақшаға деген нақты сұранысы басты назарға алынады.