Спорт • Кеше

Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен күрес әлемінің (UWW) әйелдер арасындағы жаңартылған рейтингі жарияланды. Рейтингтің 72 келі көрсеткішінде отандасымыз Жәмилә Бақбергенова бірінші болды, деп жазады Egemen.kz.

Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

Фото: olympic.kz

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, өзіне тиесілі орынды сақтап қалған. Қазақстандық балуан Жәмиля Бақбергенова 2025 жылғы Аммандағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанып, 10 000 ұпайға ие болған еді. Жалпы жиыны 51 000 ұпай оны көш басында қалдырды. 

Екінші орынға 45 000 ұпаймен жапониялық Ами Иши орналасқан. Үшінші орынға Моңғолия өкілі Болортунгалаг Зоригт жайғасқан, оның қоржынында 34 700 ұпай бар.