Президент • Кеше

Президенттің қолынан марапат алған журналистер белгілі болды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің қолынан марапат алған журналистер белгілі болды

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 24 маусымдағы №226 өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:

1. «Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары – Талғат Садықұлы Батырханға;

2. «АЙҚЫН-ЛИТЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – Талғат Ешенұлы Қырықбаевқа;

3. «Казахстанская правда» газетінің бөлім редакторы – Юлия Дмитриевна Магерге;

 4. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының 

шеф-редакторы  – Армангүл Тоқтамұратқа берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:

1. «Kokshe» телеарнасының 

шеф-редакторы – Зарина Өмірғалиқызы Бекқалиеваға; 

2. «Jibek Joly / Silk Way» телеарнасының тілшісі – Күнсая Құрмет-Рахимоваға;

3. «Abay Live» YouTube арнасының авторы және жүргізушісі – Абай Сейфуллаұлы Тіленшиевке;

4. «Тengrinewskz» сайтының тілшісі – Алина Александровна Шашкинаға тапсырылды;  

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:

1. «Ana tili» газетінің шығармашылық ұжымына;

2. «BALAPAN» телеарнасының шығармашылық ұжымына;

3. «Soltustik Qazaqstan» газетінің шығармашылық ұжымына;

4. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының ұжымына жарияланды.