Қоғам • Бүгін, 16:14

Қазақстандағы демалыс саябақтарының саны артты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,1%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы демалыс саябақтарының саны артты

Фото: Ашық дереккөз

Өңірлер арасында демалыс орындарының саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр — мұнда 32 саябақ тіркелген. Одан кейін Шымкент қаласы — 29 саябақпен, ал Қарағанды облысында — 28 демалыс орны бар.

Саябақтарға келушілер саны 2024 жылы 15,5 миллион адамға жеткен. Көбіне елорда тұрғындары мен қонақтары демалыс саябақтарына барған. Астанада 3,2 млн адам тіркелсе, Шымкентте — 2,7 млн, Алматыда — 2,5 млн адам.

Меншік құрылымы бойынша саябақтардың 69,3%-ы жеке тұлғаларға тиесілі болса, 29%-ы мемлекеттік, ал 1,5%-ы шетелдік меншік иелеріне қарайды.

Демалыс орындарының 131-і ашық аспан астында орналасқан, ал 120-сы ғимарат ішінде қызмет көрсетеді. Ауылдық жерлерде 51 саябақ жұмыс істейді, бұл жалпы көрсеткіштің 19,1%-ын құрайды.

Сондай-ақ, елдегі демалыс орындарында жалпы саны 3 923 аттракцион мен ойын автоматы тіркелген.