ат
Спорт • 16 Қазан, 2025
Еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатындар анықталды
20-27 қазан аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 16 Қазан, 2025
Қанат Бозымбаев Оңтүстік Кореяда өткен роуд-шоуда Alatau City жобасын таныстырды
Сеул қаласында өткен «Alatau Rise With Kazakhstan» инвестициялық форумында Қазақстан тарапынан бірқатар маңызды бастамалар жария етіліп, ҚР Премьер-министрі Қанат Бозымбаев жаңа Alatau City жобасын таныстырды. Форумға Қазақстан тарапынан Caspian Group компаниясының төрағасы Юрий Цхай және жобаның инвестициялық серіктесі – Alatau City Bank акционері Вячеслав Ким қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Қазан, 2025
Қазақстанға Әзербайжан Президенті мемлекеттік сапармен келеді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қазан, 2025
Астанада медицина қызметкерлерінің еңбекақысы уақытылы төленбеген
Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау ұйымдарындағы тексеріс барысында медицина қызметкерлерінің еңбекақысы мен әлеуметтік төлемдері уақытылы берілмегенін анықтады. Нәтижесінде 90 миллион теңгеден асатын берешек өтеліп, ақ халаттылардың құқықтары қорғалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 16 Қазан, 2025
Дархан Сатыбалды жұмысына салғырт қараған мердігерлерді сынға алды
Бүгін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік нысандардың құрылысына, жол инфрақұрылымы мен қоғамдық кеңістіктерді дамытуға қатысып жүрген мердігер ұйымдардың құрылтайшыларымен кеңес өткізіп, жұмысына салғырт қараған мердігерлерді қатаң сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Мейіржан Юсуповты қабылдады
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Президентке компанияның биылғы тоғыз айда атқарған қызметінің нәтижелерін баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 16 Қазан, 2025
Елімізде 25,9 млн тонна астық бастырылды
Егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Ұйымдастылған науқан агротехникалық талаптарға сәйкес мерзімде өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Қазан, 2025
Жоғарғы соттың үш судьясы отставкаға кетті
Мемлекет басшысы Жоғарғы соттың аталған судьяларын отставкаға жіберу жөнінде ұсыныс енгізді. Ұсынысты Сенат депутаттары бірауыздан қолдап, дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 15 Қазан, 2025
Алматыдағы жабайы базарлардың дәурені аяқталып келеді
Алматы қаласында жабайы базарлардың дәурені бітіп, дәуірі аяқталып келеді. Бүгінде мегаполисте заманауи да жайлы форматтағы базарларға көшу кезеңі жедел жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қазан, 2025
Қонаев қаласында мейірім мен ізгілікке толы ерекше мереке – Мүгедектігі бар адамдар күні аталып өтті. Шараға ерекше балалар мен олардың ата-аналары, әлеуметтік сала мамандары және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 15 Қазан, 2025
Сенімнен айрылған мердігерлерге бақылау күшейді
Бүгін Алматы билігі мемлекеттік сатып алуларға қатысатын мердігер ұйымдарға қойылатын талаптарды қатаңдата түсетіні туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қазан, 2025
Қанат Бозымбаев Оңтүстік Кореяда өткен роуд-шоуда Alatau City жобасын таныстырды
Сеул қаласында Alatau Rise With Kazakhstan Forum өтіп жатыр. Форумның ашылуына Қанат Бозымбаев қатысып, әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге жаңа Алатау City жобасын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 15 Қазан, 2025
Астанада Astana Think Tank Forum 2025 өз жұмысын бастады. Биылғы форумның тақырыбы – «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру».
Оқиға • 15 Қазан, 2025
Алматы облысында болған жол апатынан 2 адам қаза тапты
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада Алматы облысы, Жалпақсай ауылында болған ірі жол апатының кадрлары жарияланды. Алдын ала деректерге сәйкес, апатқа қатысқан көліктердің бірін небәрі 13 жастағы жасөспірім жүргізген. Ол алған жарақаттарымен емханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қазан, 2025
Атырауда бес балабақша ваучерлік қаржыландыру жүйесінен шығарылды
Атырауда №8 «Ақбота» балабақшасының қызметкерлері бірнеше айдан бері жалақы алмағанына байланысты наразылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 15 Қазан, 2025
Конгреске инклюзия саласындағы жаһандық маңызы зор мәселелерді талқылау үшін әлемнің 40 елінен 150-ден астам ғалымдар мен сарапшылар, 400-ден астам педагог-практиктер, сондай-ақ қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері келді. Сарапшылар баршаға қолжетімді білім беруді дамыту мен әлем елдерінде ерекше балалармен жұмыс істеу тәжірибесін дөңгелек үстел барысында талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қазан, 2025
Атырауда төрт супермаркетте азық-түліктер 15% төмен бағамен сатылып жатыр
Атырауда «Bereke fest» әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға, қазақстандық өндірушілерді қолдауға бағытталған ауқымды акция өтіп жатыр. Бұл акция 30 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қазан, 2025
Атырауда төтенше жағдайлар департаментіне 91 арнайы көлік сатып алынды
Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникамен қамтамасыз ету деңгейі 82,8 пайызды құрайды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 14 Қазан, 2025
Талғарда бір жыл ішінде екінші прокурор ауысты
Талғар қаласында бір жыл өтпей жатып, тағы да прокурор ауысты. Бұл лауазымға Жайнарбек Мыңбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 14 Қазан, 2025
Жақсыбек Кұлекеев: Бір палаталы Парламентке көшу орынды шешім деп есептеймін
Президент Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында елімізде түрлі бағытта ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын айтты. Оның бірі –бір палаталы Парламентке көшу саясаты. «Бұл халықаралық үрдіске толық сай келеді. Әлем елдерінің үштен екісінде осындай парламенттік жүйе қалыптасқан. Дәл қазір бізге керегі – ортақ ұстаным және парасатты, салмақты ұсыныс. Сондықтан барлық ой-пікірді, ұсынысты мұқият зерттейміз, егжей-тегжейлі қараймыз», – деді Мемлекет басшысы. Еліміз осындай өзгерістерге қаншалықты дайын екенін, жалпы бір палаталы Парламенттің қажеттілігін Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Жақсыбек Құлекеевтен сұрадық.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 14 Қазан, 2025
Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды
«Almaty Business–2025» бағдарламасының орындалу нәтижелері туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Almaty Finance» ЖШС басқарма төрағасы Берік Құсайынов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Қазан, 2025
75 жасында Азия чемпионы атанды
Ирактың Эрбиль қаласында шахмат сайысынан өткен Азия чемпионатында 75 жастағы жерлесіміз Марат Пріметов чемпион атанды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 14 Қазан, 2025
Күн бетінде тоғыз минуттық қуатты жарқыл болды
14 қазан күні түнде күн бетінде күшті рентгендік жарқыл байқалды. Бұл туралы Қолданбалы геофизика институты хабарлады. Мамандардың айтуынша, мұндай жарқылдар жерге жеткенде магниттік дауыл тудыруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz TACC агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Қазан, 2025
«Бірыңғай есеп жүйесі - ойын бизнесі саласындағы ашықтықты арттыратын жоба - депутат
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи бұған дейін жолдаған депутаттық сауалына орай уәкілетті мемлекеттік органдардан Біртұтас есеп жүйесі (БЕЖ) жобасының жүзеге асырылуы жөнінде ресми түсіндірмелер мен егжей-тегжейлі ақпарат алғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қазан, 2025
Шымкент пен Қызылордада мәжбүрлі неке бойынша алғашқы істер тіркелді
Бұл туралы Бас прокуратура мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қазан, 2025
Президент: Парламенттік реформаны жүзеге асыруда асығыстыққа жол беруге болмайды
Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Қазан, 2025
Тоқаев: Парламентті реформалау – тек қана Сенатты тарату деген сөз емес
Бүгін Президент Қ.Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Қазан, 2025
Бір палаталы Парламентке өту халықаралық үрдіске толық сай келеді - Президент
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 14 Қазан, 2025
Биыл жүк тасымалы көлемі 9,1 пайызға артқан
2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жүк тасымалы көлемі 9,1 пайызға артқан. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 14 Қазан, 2025
Бюджет қаражатына бақылау күшейтілді
Бүгін Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік сатып алу кезінде отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.