Оқиға • 06 Қаңтар, 2026

1 апта бұрын жоғалған жасөспірім Алматыдан табылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 желтоқсан күні Алматыдағы Есенов көшесіндегі үйінен орталыққа ұялы телефонын жөндетуге шыққан жасөспірім үйіне оралмаған. Қалалық полиция 2011 жылы туған тұрғынның жоғалып кетуіне байланысты іздеу жариялаған, деп жазады Egemen.kz.

1 апта бұрын жоғалған жасөспірім Алматыдан табылды

Фото: pexels.com

Тигран есімді баланы іздеуге Жетісу аудандық полиция бөлімі мен Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері «Қоғам» жасағы, еріктілер және туыстары жұмылдырылған. 

Аталған топ жоғалған баланы 1 апта бойы іздеп, Алматы қаласынан аман-сау тапты. 

Астанада жоғалып кеткен балалар аман-есен табылды

Тигранның туыстары полицей қызметкерлері мен еріктілерге, «Қоғам» жасағына алғыс білдірді. 

Айта кетейік, Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасы іздестіріліп жатыр. 6 айға жуық хабар-ошарсыз кеткен отбасы мүшелеріне қатысты тың деректер жарияланды. 

 

Соңғы жаңалықтар