Фото: Астана әкімдігі
Мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тану жүйесі арқылы 2 жүк көлігі анықталған. Ақпарат жедел түрде полицейлерге жолданған. Жүргізушілер жауапқа тартылып, көліктер коммуналдық тұраққа қойылды.
Аталған фактіге қатысты материалдар Астана қаласының Экология департаментіне жолданды.
«Полиция заңсыз топырақ өндіру мен тасымалдау табиғатты қорғау заңнамасын бұзу болып саналатынын және ол үшін заңда көзделген жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Азаматтар осыған ұқсас жағдайға куә болса, «102» нөміріне хабарлағаны жөн», делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, бейнебақылау камералары жоқ тұстарда елордалық полиция дрондар және басқа заманауи технологиялар қолданады.
Еске салайық, бұған дейін Алакөл жағалауын дрондар бақылайтыны туралы жазғанбыз.