Фото: Видеодан скрин
24 жылдық еңбек өтілі бар педагог Хасен Ерімбетов биыл қаңтар айында жұмыстан заңсыз босатылған. Осыған байланысты ол еңбек құқықтарының бұзылғанын алға тартып, Түркістан облыстық еңбек инспекциясына шағымданған. Тексеру нәтижесінде жұмыстан босату заңсыз деп танылып, жұмыс берушіге оны қызметіне қайта орналастыру жөнінде ұйғарым берілген.
Педагогтің айтуынша, сот шешіміне қарамастан ол қызметіне қайта алынбаған. Әділдік іздеп Ордабасы аудандық сотына жүгінгенімен, жағдай өз шешімін таппаған. Осыдан соң Хасен Ерімбетов өзіне зақым келтірген.
«Мен Ордабасы аудандық сотынан әділдік іздеп келдім. Мені заңсыз жұмыстан шығарып жіберген. Өзімді ақтап, бар нәрсені айтсам да мені 5 күнге қамап отыр», деді ол.
Оқиғаға қатысты ресми органдардан қосымша түсініктеме берген жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Рудныйда сот орындаушысына пышақ сілтеген ер адамның сот отырысы өтті. Тергеу мәліметінше, ер адам 15 жыл бойы алимент төлеуден жалтарып келген.