Фото: видеодан алынған скрин/ sake.333
Полиция мәліметінше, отбасының жоғалғаны туралы арызды үй иесінің қарындасы берген. Ол 25 желтоқсан күні құқық қорғау органдарына келіп, туыстарының бір айдан астам уақыт бойы байланысқа шықпағанын және тұрғылықты жерінде жоқ екенін мәлімдеген.
Сол уақыттан бері іздестіріліп жатқан төрт адамның екеуінің мәйіті табылды.
Марқұмдарды жақындары мен туыстары, ауыл тұрғындары ақтық сапарға шығарып салды.
Бүгінде күдікті анықталып, қалған екі тұрғынды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.