Фото: Ашық дереккөзден
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті намаз уақытындағы адамдардың бейқамдығын пайдаланып, қылмысын жасырын жүзеге асырған.
«Мұндай қылмыстар тек материалдық шығын келтіріп қана қоймай, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарына да нұқсан келтіреді. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталып, әрбір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.
Қазіргі таңда күдіктінің қылмыстық әрекетінің бірнеше эпизоды дәлелденіп, оның осыған ұқсас басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
«Азаматтарды жеке заттарына мұқият болуға және күмәнді тұлғаларды байқаған жағдайда полицияға дереу хабарлауға шақырамыз. Түскен барлық ақпарат міндетті түрде мұқият тексеріледі», деді Еділхан Байғараев.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Абай облысында 46 млн теңгеден астам сомада ұрлық жасаған топ әшкереленді