Аймақтар • 06 Қаңтар, 2026

Шет ауданына апатты жағдайларға арналған жедел жәрдем көлігі берілді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Шет ауданында алғаш рет трассаларда жұмыс істеуге арналған арнайы реанимобиль пайдалануға берілді. Құтқару қызметінің жаңа көлігі Төтенше жағдайлар министрлігінің жол-медициналық-құтқару қызметінің қарамағына беріліп, жол-көлік оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайлар кезінде тікелей автожолдарға шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шет ауданына апатты жағдайларға арналған жедел жәрдем көлігі берілді

Жаңа реанимобильдің басты міндеті – зардап шеккендерге ең алғашқы, шешуші минуттарда шұғыл медициналық көмек көрсету. Арнайы автокөлік заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған, бұл оқиға орнында реанимациялық шаралар жүргізуге, науқастың жағдайын тұрақтандыруға және оны жедел жәрдем бригадаларына немесе медициналық мекемелерге жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар трасса бойындағы жол-медициналық-құтқару бекетіне өздігінен жүгінген жүргізушілер мен жолаушылар да қажетті көмекті ала алады.

Мұндай реанимобильдің іске қосылуы автожолдарда медициналық көмекті қамтамасыз етіп, адам өмірін сақтап қалу мүмкіндігін арттырады.

Соңғы жаңалықтар

Брисбендегі бәсеке

Теннис • Бүгін, 08:15

Қажетті ұсыныстар айтылды

Қоғам • Бүгін, 08:05

Заманауи музей қызметі

Мәдениет • Бүгін, 08:00