Аймақтар • 08 Қаңтар, 2026

Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі: күдіктіге іздеу жарияланды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтіру дерегімен 29 жастағы күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өлімі: күдіктіге іздеу жарияланды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегіне қарағанда, аталған қылмысқа күдікті – Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны.

«Қылмысқа өзге де тұлғалардың қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Әлеуметтік желі қолданушыларын ақпаратты тек ресми дереккөзден алуға, жалған не расталмаған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Күдіктінің қайда жүргені әзірге белгісіз болып отыр. Сондай-ақ, Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылында тұрған ерлі-зайыптының қызы мен ұлы әлі табылған жоқ.

Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Еске салайық, бүгін із-түзсіз жоғалып кеткен атыраулық ерлі-зайыпты жер қойнына тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар