Фото: ТЖМ
1900 шаршы метр алаңды шарпыған өртті сөндіруге 85 адамнан тұратын жеке құрам мен 22 бірлік техника жұмылдырылған.
Оқиға орнында 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылып, қызыл жалынды ауыздықтауға ТЖМ автопойызы да тартылған.
Ғимараттың құрылыс ерекшелігіне байланысты өрт жылдам тараған.

Түнгі сағат 2:15 шамасында өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында өрт сөндіріліп, жанындағы нысандарға таралмаған.
ТЖМ өрттен зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін мәлімдеп отыр.

Бұған дейін Атырау облысында 2 көлік өртеніп, 60 жастағы жолаушы қаза тапқанын хабарлағанбыз.
Ал жаңа жыл түні Швейцарияның оңтүстігіндегі тау-шаңғы курортында ірі өрт болып, ондаған адам мерт болған.