Сауда • 05 Қаңтар, 2026

Желтоқсан айында сәбіз, қант және жұмыртқа бағасы төмендеді

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2025 жылдың желтоқсан айында айлық инфляция деңгейі 0,9% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,7%-ға, ал ақылы қызметтер 0,6%-ға өсті, деп жазады Egemen.kz.

Желтоқсан айында сәбіз, қант және жұмыртқа бағасы төмендеді

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, өткен айда апельсин бағасы 2,6%-ға, сәбіз – 2%-ға, қант – 1,3%-ға қымбаттады. Ал жұмыртқа бағасы 0,1%-ға төмендеді. Сондай-ақ концентратталған сүт 2,1%-ға, қатты ірімшік 1,8%-ға, көкөніс шырындары 1,6%-ға қымбаттаған.

– Жекелеген дәрі-дәрмектер арзандады. Атап айтқанда, супрастин бағасы 18,5%-ға, энап – 5,2%-ға, канефрон – 1,4%-ға, йодомарин мен азитромицин – әрқайсысы 0,9%-ға төмендеді. Автомобильдер 0,4%-ға, электр құралдары 0,9%-ға арзандады. Ал смартфондар 0,9%-ға, жеке гигиена тауарлары 1,1%-ға қымбаттады.

Коммуналдық қызметтер арасында су бұру тарифтері 2,4%-ға өсті, ал суық су тарифі 0,9%-ға төмендеді. Бір ай ішінде такси қызметтері 1,8%-ға, моншаға бару құны 2,1%-ға, кинотеатр қызметтері 2,9%-ға қымбаттаған, –  делінген жазбада.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 12,3% болды. Желтоқсан айында азық-түлік тауарларының жылдық өсімі 13,5%-ды, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,1%-ды, ал ақылы қызметтер 12%-ды құрады.

Азық-түлік тауарлары арасында жылдық мәнде қызанақ бағасы 7,9%-ға, күріш – 4,8%-ға, қияр – 4,7%-ға, тәтті бұрыш – 2,7%-ға, кептірілген өрік 2%-ға арзандады. Керісінше, жүзім 7,7%-ға, көк шай 7,9%-ға қымбаттаған.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында аяқ киімге арналған крем бағасы 10,8%-ға, сантехникалық қоспалауыш 8,5%-ға, электр бұрғысы 6,6%-ға өсті.

2025 жыл ішінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифтері 13,1%-ға төмендеді. Ал аяқ киім жөндеу қызметі 10,1%-ға, пошта қызметтері 8,9%-ға, автосақтандыру 6,5%-ға қымбаттады.

Өңірлер арасында жылдық инфляцияның ең төмен деңгейі Алматы қаласында және Қостанай облысында тіркеліп, 11,7% құрады. Сондай-ақ Абай, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында инфляция деңгейі 11,8% болды.

2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағалары индексін есептеу құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% болды. Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексі ай сайын есептеліп, 508 тауар мен қызмет түрі бойынша жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40