Ақ
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2025
Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын әуе рейстерінің саны артып келеді. 23 қыркүйектен бастап «Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында сыйымдылығы 50 орындық «Bombardier CRJ200» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастады, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 24 Қыркүйек, 2025
Семей-Астана тасжолы тазаланды
Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Полиция департаменті, этно-мәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жас белсенділер қатысып, қала шетіндегі Семей-Астана тасжолы бойын қоқыстан тазартты.
Мәдениет • 24 Қыркүйек, 2025
Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға табыс етті
24 қыркүйекте Париж қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттонемен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 24 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Мажарстан Мемлекеттік жиналысының Төрағасы Ласло Кёвермен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Мажарстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 24 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Марокко қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге келді
Бүгін Мәжіліс 2024 жылғы 12 желтоқсанда Рабат қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2025
Өңірлерде жылыту жұмыстары белгіленген мерзімге сәйкес басталады
Еліміздің барлық өңірінде жылыту маусымы жоспарға сәйкес іске қосылады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қыркүйек, 2025
2026 жылдан бастап кімдер ҚҚС -тан босатылады
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов 2026 жылдан бастап ҚҚС-тан кімдер босатылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2025
Астаналық зейнеткерлер Қарттар күніне орай қаржылай көмек алады
Астаналық зейнеткерлер Қарттар күніне орай бір реттік төлем алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Қыркүйек, 2025
Еліміздегі 3 мыңнан астам мектепке тексеру жүргізіледі
Биыл елімізде 3025 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестациядан өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронмен екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Монако Князьімен кездесті
Нью-Йорк қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев Монако Князьі ІІ Альбермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда,
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Қазақстан АҚШ-пен стратегиялық салаларда 5,2 млрд долларлық 11 құжатқа қол қойды
Мемлекет басшысының Америка Құрама Штаттарына сапары аясында қазақстандық компаниялар әлемнің ірі корпорацияларымен құны 5,2 миллиард доллар болатын 11 құжатқа қол қойды. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.
Мәдениет • 23 Қыркүйек, 2025
Қазақ-қырғыз зиялыларының IX форумы өтті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған қазақстандық делегация Қазақ-қырғыз зиялыларының IX форумына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2025
Зерендіде 85 медицина қызметкерінің еңбек құқығы қорғалды
Ақмола облысы, Зерендi ауданы прокуратурасына аудандық аурухана қызметкерлері жыл сайынғы еңбек демалысына төлемақының берілмеуіне байланысты жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 23 Қыркүйек, 2025
Отбасы банк: 2025 жылы депозитке 157 280 теңге мемлекеттік сыйақы алуға болады
Отбасы банкінің клиенттері биылғы жылдың соңында депозиттеріне қосымша қаржы алып, армандаған баспанасына тағы бір қадам жақындайды. Мемлекет жыл сайын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың салымына 20 пайыз көлемінде сыйақы қосады. Бұл сыйақы ең көп дегенде 200 АЕК-ке дейінгі сомаға есептеледі. 2025 жылы мемлекеттік сыйақының мөлшері 157 280 теңгеге жетті. Бұл көптеген қазақстандық отбасы үшін баспанаға қол жеткізуде елеулі көмек болмақ. Ең жоғары сыйақыны алу үшін, депозитті 786 400 теңге толықтыру қажет, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентімен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес басшысы Антониу Коштаға ілтипат білдіріп, Қазақстан Ұйыммен екіжақты негізде, сондай-ақ C5+ форматы аясында серіктестікті арттыруды берік ұстанатынын жеткізді.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Украина Президентімен кездесу өткізді
БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентімен кездесті
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Черногория Президенті Яков Милатовичпен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді
Қазақстан Президенті мен Бас хатшы Антониу Гутерриш БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының күн тәртібін талқылады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Президент Сitigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзерді қабылдады
Кездесуде еліміздегі ауқымды жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Embraer компаниясының президенті Франсиско Гомес Нетомен кездесті
Бразилиялық Embraer авиа құрылыс компаниясы жетекшісімен кездесуде жүк тасымалдау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Даррен Вудспен Теңіз бен Қашағанның болашағын талқылады
Президент ExxonMobil корпорациясының басшыларын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Қазақстан АҚШ Үкіметімен және іскерлік орта өкілдерімен тиімді ықпалдастық орнатуға бейіл
Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының президенті және бас атқарушы директоры Сюзанн Кларкты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Президент АҚШ-пен қарым-қатынасты нығайтуды сыртқы саясаттың маңызды бағыты деп атады
Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту еліміздің сыртқы саясатындағы ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі. Президент Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында осылай деді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Тоқаев: Қазақстан бірте-бірте өңірлік академиялық және ғылыми-зерттеу хабына айналып келеді
Бүгінде елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы ашылған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Президент АҚШ компанияларын еліміздің ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалануға шақырды
Мемлекет басшысы PepsiCo және Mars компанияларының заманауи, экспортқа бағдарланған зауыт салу жоспарын құптайтынын жеткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев көлік және логистика секторындағы кең мүмкіндіктерге тоқталды
Президент Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі. Ол Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытудың келешегі зор екеніне назар аударды.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы: АҚШ уранның 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды
Мемлекет басшысы аталған стратегиялық маңызды міндетті жүзеге асыру ісінде Американың энергетика компаниялары басты рөл атқаратынына назар аударды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді — Тоқаев
Мемлекет басшысы Қазақстанның өңірдегі экономикасы ең қуатты ел ретінде Орталық Азияға Америка бизнесінің инвестициясын тарту және олардың кәсіп аясын кеңейту ісінде жетекші рөл атқаруға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.