Елорда • Кеше

Астанадағы автотұрақтар толығымен қала меншігіне өтті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы барлық автотұрақ қала меншігіне алынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп жазады Egemen.kz.

Астанадағы автотұрақтар толығымен қала меншігіне өтті

Фото: «Astana Parking Space» ЖШС

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, өткен аптада автотұрақ орындарын қала меншігіне өтеусіз өткізу туралы келісімге қол қойылған.

«Осы аптадан бастап қаладағы автотұрақтың бәрі тек коммуналдық қызметтердің қарамағында болады және жеке меншікке жатпайды», деді Астана қаласының әкімі.

Осыған байланысты қаладағы автотұрақтардың қолданыстағы тарифтері қайта қаралады. Минутына төлем алу тәртібі енгізілмейді. Жол учаскесіне қарай көлікті 15–60 минуттық тегін қою жүйесі қарастырылған. Ал жол қозғалысы тығыз жүретін орталық көшелерде автотұрақтар ақылы болады. Ал әлеуметтік маңызы бар нысандардың маңындағы автотұрақтарды толықтай тегін ету жоспарланған.

Айта кетейік, 2027 жылы Астанада алғаш рет екі деңгейлі алып автомагистраль құрылысы басталады. Бұл жоба қала жолдарындағы жүктемені айтарлықтай жеңілдетеді. 

Сонай-ақ Жеңіс Қасымбек LRT-ның ресми іске қосылуына санаулы күндер қалғанын да атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар