Осылайша өңір тұрғындарының 97,1 %-ы табиғи газбен қамтамасыз етілді.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаевтың хабарлауынша, кезең-кезеңімен іске асырылған жұмыстар нәтижесінде осы кезге дейін Ақтөбе облысындағы 319 ауылдың 203-і орталықтандырылған газ құбырына қосылды.
Желтоқсанның соңғы онкүндігінде Ақтөбе қаласынан 460 шақырым қашықтықта орналасқан Байғанин ауданының Оймауыт ауылына газ құбырының тартылуы 800 тұрғынның көптен күткен қуанышына айналды. Оймауытқа газ тарту жобасына республикалық бюджеттен 8 млрд 300 млн теңге бөлінді. Ерте көктемде басталған жұмыс күзгі лайсаң мен қыстың алғашқы айындағы ауа райының қолайсыздығына қарамай тоқтаусыз жүрді.
Осылайша тапсырыс беруші мекеме мен мердігердің үйлестірілген жұмыстары нәтижесінде биыл жобаланған 28 ауылдың орнына 31 ауыл газ құбырына қосылды.
Ақтөбе облысы