Аймақтар • Бүгін, 17:06
Ақтөбе облысында жолды күтіп-ұстамаған 66 шенеунік жауапкершілікке тартылды
Қыс мезгілінде Актөбе облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарына 684 тексеру жүргізді. Рейд барысында жолдардың қардан уақтылы тазартылмауы, көктайғаққа қарсы инерттік материалдардың себілмеуі, жол белгілерінің көрінбеуі, жол ортасындағы ойықтар мен терең шұңқырлар, асфальт жамылғысының бұзылуы сияқты кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады
Ақтөбе облысында биыл төрт мыңға жуық тұрғыны бар сегіз ауыл орталықтандырылған газ құбыры желісіне қосылады. Олардың қатарында Әйтеке би ауданының Ақтасты, Жабасақ, Тымабұлақ, Мәртөк ауданының Полтавка, Ойыл ауданының Ақкемер, Ақшатау, Кемер және Қаракемер елді мекендері бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2026
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қыс мезгілінде Ақтөбе облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарына 684 тексеру жүргізді. Рейд барысында жолдардың қардан уақтылы тазартылмауы, көктайғаққа қарсы инерттік материалдардың себілмеуі, жол белгілерінің көрінбеуі, жол ортасындағы ойықтар мен терең шұңқырлар, асфальт жамылғысының бұзылуы сияқты кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 13 Ақпан, 2026
Экологиялық түйткілдің түйіні қашан тарқайды?
Ақтөбе облысында ұзақ жылдан бері шешілмей келе жатқан бірнеше экологиялық мәселе бар. Олардың ең негізгілері – іргелі өндіріс ошақтары саналатын ферроқорытпа және хром қосындылары зауыттарынан тарайтын шаң-түтін, әбден тозығы жеткен кәріз-тазарту қондырғылары мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонынан шығатын, қолқаны қабатын жағымсыз иіс.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2026
Полиция қызметкері үш айлық нәрестесі бар отбасыны өз үйінде паналатты
Өткен тәулікте қатты аяз бен ақтүтек боранға байланысты Ақтөбе облысында автожолдар уақытша жабылды. Күн райы қатты бұзылғанда автокөлікпен жолға шықпау жөніндегі ескертулерді елемейтіндер осы жолы да көп болды. Мұғалжар, Темір, Байғанин аудандарында төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полицейлер жолда қалғандарды түні бойы арнайы ұйымдастырылған жылыту пункттеріне жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 11 Ақпан, 2026
Былтыр жыл соңында Ақтөбедегі «Энергосистема» ЖШС Оқшаулау, қорғау және сынақтар қызметінің 5-разрядты кабельші-жүргізушісі Айтжан Ысқақ ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды. Бұл бір жағынан, осы салада үзіліссіз 35 жыл қызмет атқарған қарапайым еңбек адамына көрсетілген ерекше құрмет болса, екінші жағынан, өңірлік мекеме тарихында Мемлекет басшысының қолынан жоғары мемлекеттік награда алған тұңғыш маман ретінде есте қалды.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2026
Ақтөбе облысындағы бірқатар ауданда жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылды
Ақтөбе облысының Байғанин және Мәртөк аудандарында жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылды, сондай-ақ Хромтау ауданында күрделі жөндеуден өткен өрт сөндіру бөлімшесі пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімде Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров құтқарушыларға жаңа көлік құралдарының кілттерін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мирас • 07 Ақпан, 2026
Жас жыршылар «Қырымның қырық батырын» жырлады
Облыстық халық шығармашылығы орталығында ақтөбелік жас жыршылар «Қырымның қырық батыры: ерлік пен елдік дастаны» атты кеште өнер көрсетті.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2026
Темір ауданында мүгедек балаларға арналған емдеу-оңалту орталығы ашылды
Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Ainala» емдеу – оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 04 Ақпан, 2026
Жастар кәсіпкерлігі: қолдау бар, қайтарымы қалай?
Ақтөбе облысында табысты жұмыс істеп келе жатқан шағын және орта бизнес нысандарының саны бүгінде 80 мыңнан асты. Жылма-жыл жеке кәсібін бастағандар қатарының артуына түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиелер мен грант қаражаттарының көбеюі де себепші болды.