
«Таза Қазақстан» • 07 Сәуір, 2025
Шағын саябақтар құрылып,алаңқайлар абаттандырылады
Ақтөбедегі ірі кәсіпорындар қала ішіндегі бос жатқан аумақтарды абаттандырып, шағын аллеялар мен скверлер құруды қолға алмақшы. Өткен жылы төрт кәсіпорын бес алаңқайды абаттандырып, шағын скверлер жасаса, биыл он бір аумақта осы жұмыс жалғасын табады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 07 Сәуір, 2025
Дәрігерлер АИТВ-ның алдын алу жөнінде кеңес берді
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Ақтөбе облыстық орталығы» мекемесінің мамандары адам иммун тапшылығы вирусының алдын алу жөнінде сауда орындарында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 06 Сәуір, 2025
Ардагерлер шырша отырғызды, жастар көше тазалады
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Ақтөбе облысының еңбек ұжымдары, білім беру мекемелерінің оқытушылары мен студенттері, тіпті тазалықты сүйетін қарапайым тұрғындар да үлес қосып келеді.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2025
Кәсіподақ өкілдері рельс шығаратын кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті
Кәсіподақтар федерациясы өкілдері жылына 200 мың тонна рельс пен 230 мың тонна фасонды прокат шығарып, ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отырған «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» еңбеккерлерімен кездесті. 860 адам еңбек ететін кәсіпорынның 120 метрлік ұзындықтағы термоберік рельстері «Алматы –Шу» теміржолы, «Құрық» теңіз порты құрылыстарына пайдаланылып келеді. Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалына да осы зауыттын өнімдері төселген, деп жазады Egemen.kz.
Тәрбие • 04 Сәуір, 2025
Бақылаусыз бала жамандыққа ұрынады
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішімдік пен басқа да қоғамға қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында облыстық мәслихат депутаттары, «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері полиция қызметкерлерімен бірге түнгі рейдке шықты.
Жәдігер • 04 Сәуір, 2025
Ыбырай Алтынсариннің хаты Башқұртстаннан табылды
Ақтөбе облыстық архивінің мамандары РФ Орынбор облыстық мемлекеттік архиві мен Башқұрт Республикасы ұлттық архивінен Ыбырай Алтынсариннің 1884-1888 жылдар арасында жазған бірнеше хатын тапты.
Энергетика • 04 Сәуір, 2025
Ақтөбе облысында сәуір айынан бастап заңды тұлғалар үшін электр энергиясы бағасының әр кВт үшін 59,27 теңгеге көтерілуі шағын және орта бизнес өкілдерінің наразылығын туғызды. Олар тарифтің жоғарылауы жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, электр қуатын көп мөлшерде тұтынатын өнім өндірушілердің қаржылық тұрақтылығына жағымсыз әсер етеді дейді. Алайда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Энергосистема» ЖШС-ның заңды тұлғалар үшін электр энергиясы төлемдерін 50%-ға өсіру туралы ұсынысын мақұлдамай, 13–15%-ға көбейтуге шешім шығарды.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2025
Ақтөбеде екі «Жайлы мектепте» оқу басталды
Ақтөбе облысында екі «жайлы мектеп» оқушыларға есігін ашты. Екеуі де облыс орталығында: бірі Ақжар –2 елді мекенінде, екіншісі Есет батыр тұрғын алабында орналасқан. Сондай-ақ биыл өңірде 11 400 оқушыға арналған 13 жайлы мектеп ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2025
Ақтөбе облысының он екі ауданында былтыр қанат қаққан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы биыл да жалғасын тапты.
Ұлттық спорт • 22 Наурыз, 2025
Ұлттық спорт түрлерінен сайысты
20 наурыз – Ұлттық спорт күні Ақтөбедегі «Жекпе-жек» сарайының алдында киіз үйлер тігіліп, алтыбақан орнатылып, бес қаруы беліне байланған алып тұлғалы жігіттер мен үкілі тақия киіп, қазақы киіммен, сәндік бұйымдар таққан бойжеткендер қала тұрғындарын қарсы алды. Мерекеде аңшылық өнер, түйе, тазылар көрмесі ұйымдастырылып, қол күресі, қазақ күресі, арқан тарту, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ, асық атудан сайыстар өтті.