Зерде • Кеше
Шығанақ тарысы: Тарих пен тағылым
Биыл 1943 жылы ақ тарының гектарынан 201 центнерден өнім жинап әлемдік рекорд орнатқан Шығанақ Берсиевтің (1881–1944) туғанына 145 жыл толады. 1936 жылдан бастап Ойыл ауданы Қаратал ауылында тары өсірушілер звеносын ұйымдастырып, табысты суармалы шаруашылық жүргізген диқан 1944 жылы жазда 63 жасында ауыр науқастан дүние салды. Соғыс басталған жылы звеношылар үш ауысыммен жұмыс істеді. Қыркүйекке таяу қауызынан ұшырылып, тазартылған дән атарбалармен жақын жердегі теміржол бекетіне жеткізіліп, вагондарға тиеліп, майданға бағыт алатын. Екінші дүниежүзілік соғыстың қызған шағында алдыңғы шепте қар кешіп, мұз жастанған кеңес жауынгерлері Шығанақ тарысынан жасалған ботқамен қоректенді. Диқан өмірден өткен соң, кетпенін соғысқа кеткен ұлы Айттың келіншегі Ажархан ұстады.
Таным • 17 Маусым, 2026
Ақтау қаласының тұрғыны, зейнеткер дәрігер Әзірбай Жүрсінбайұлы Ораз Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне 1816–1821 жылдары Кіші жүз ханы болған Арынғазы Әбілғазыұлының шөбересі Ғалиахметтің қызы Варвара мен оның анасы Нина Николаевнаның фотоальбомын табыстады. Фотосуреттерді Санкт-Петербург мемлекеттік университеті Тұнбалық геология кафедрасының доценті, Ресей ҒА Биология институты Ботаникалық музейінің жетекші ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Ресей ҒА жанындағы Палеонтология және орыс географиялық қоғамдарының толық мүшесі Сергей Михайлович Снигиревский сақтап келген.
Шахмат • 16 Маусым, 2026
Әлем үздіктері Ақтөбеде бас қосты
Ақтөбеде халықаралық FIDE төрешісі, әлемдік шахмат қозғалысының көрнекті ұйымдастырушыларының бірі Владимир Дворковичтің құрметіне арналған халықаралық шахмат турнирі өтті. Бір аптаға созылған жарыста әлемнің 21 елінен келген 210 шахматшы Masters және Open санаттарында бақ сынады.
Аймақтар • 16 Маусым, 2026
Ойыл ауданындағы екі ауылға газ келді
Биылғы жылдың соңына дейін Ақтөбе облысында 9,8 мың адам тұратын 23 елді мекен орталықтандырылған газ құбырына қосылады деп жоспарланса, оның 14-і өткен жылдардан келе жатқан ауыспалы жоба болатын. Күні кеше Ойыл ауданының Ақкемер және Кемер елді мекендері табиғи газға қосылды.
Тағзым • 04 Маусым, 2026
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде белгілі лингвист ғалым, қоғам қайраткері, ұлт руханияты мен білім саласының көрнекті өкілі Мұхтар Арынның 90 жылдығы аталып өтті.
Қоғам • 26 Мамыр, 2026
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» жолы қашан аяқталады?
Ұзақ жыл бойы көлік жүргізушілерінің ең өзекті мәселесіне айналған «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмысы былтыр басталды. Жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайтын бұл жол – еліміздің батысы мен орталығын жалғап, Ресейге шығатын стратегиялық маңызды «Самара – Шымкент» халықаралық дәлізінің негізгі бөлігі. Бүгінде тәулігіне 18 мыңға жуық көлік қатынайтын екі жолақты жолдың тарлығы, тозығы жеткен жабыны мен жиі болатын жол-көлік оқиғалары көптен бері күрделі мәселеге айналған еді.
Қоғам • 17 Сәуір, 2026
Қамкөңіл жандарды қолдаған еріктілер
Тоқсан жылдан бері орта және кіші буын медицина қызметкерлерін дайындап келе жатқан Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінде «Гиппократ», «Добромед», «Мейірім» волонтерлік топтары белсенді жұмыс істейді. Алғашқы екеуі паллиативті көмекке мұқтаж, төсекке таңылған науқастарға күтім жасау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, алғашқы медициналық көмекті үйрету бағытында жұмыс атқарса, соңғысы қайырымдылық шаралар өткізумен айналысады.
Талбесік • 10 Сәуір, 2026
Жабайы қызғалдақтар қорғауды қажет етеді
Қоршаған ортаның сәні саналатын әрі экологиялық тепе-теңдігін көрсеткіші рөлін атқаратын жабайы қызғалдақтар алқабы бүгінде ерекше қорғауға зәру. Назар аударарлық жайт, осы кезге дейін дала өсімдіктерінің жойылған не азайған түрлері туралы экологиялық мониторинг жүргізілген жоқ.
Мәдениет • 08 Сәуір, 2026
Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы: Ақтөбе облыстық филармониясының хоры Алматыда өнер көрсетті
Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының камералық хоры Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында өнер көрсетті. Өнер кеші белгілі композитор, дирижер Ахмет Жұбановтың туғанына 120 толуына арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2026
Ақтөбе облысында қайтарылған қаражат есебінен салынған әлеуметтік нысан пайдалануға берілді
Шалқар ауданының Тоғыз ауылында қайтарылған қаражат есебінен салынған медпункт пайдалануға берілді. Бір ауысымда 25 тұрғынды қабылдауға әзір Тоғыз ауылындағы емдеу мекемесі Президент тапсырмасына сәйкес, «Ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қайтарылған активтер есебінен салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.