Инфрақұрылым • 30 Қыркүйек, 2025
Мәртөк ауданының үш елдімекеніне газ құбыры тартылды
Мәртөк ауданының Қызылжар ауылдық округіне қарасты үш елдімекеніне газ құбыры тартылды. Осылайша Бөрте, Қызылжар, Шевченко ауылдарының тұрғындары жылдағыдай көмір, тамызық сатып алу бейнетінен арылды. Жалпы ұзындығы 74 шақырым болатын көгілдір отын құбырын тартумен «Ерзат» өндірістік кооперативі айналысты. Осы жобаға жергілікті бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінген еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 28 Қыркүйек, 2025
Қайтарылған қаражат есебінен бірнеше емдеу мекемесі ашылды
Ақтөбе облысында қайтарылған қаражат есебінен салынып жатқан 11 емдеу мекемесінің үшеуі пайдалануға берілді. Олардың қатарында Байғанин, Мұғалжар, Ырғыз аудандарындағы үш дәрігерлік амбулатория бар. Сондай-ақ Алға ауданының Маржанбұлақ ауылындағы емдеу мекемесінің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 23 Қыркүйек, 2025
Қауіпсіз жол – транзиттік табыс кепілі
Мемлекет басшысы Жолдауда Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан еліміздің стратегиялық міндеттерінің бірі көлік-логистика саласын дамыту, өңіраралық көлік байланыстарының сапасын жақсарту екенін баса көрсетті.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2025
Биылғы егін орағында алыстағы шаруашылықтарға жанар-жағармайдың кідіріссіз жеткізілуі, қыркүйек айының жауын-шашынсыз болуы астықты рәсуасыз жинап алуға мүмкіндік беріп отыр.
Мәдениет • 22 Қыркүйек, 2025
Ақтөбе облысында Мөңке бидің 350 жылдығы атап өтілді
Ақтөбеде тарихи тұлға, қазақ хандығы дәуірінің ірі өкілі, көреген би, өз заманының ойшылы Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығына арналған кең көлемде іс-шаралар өтті. Тахауи Ахтанов атындағы облыстық театр сахнасында «Мөңке би» тарихи драмасы сахналанды. Облыс орталығының іргесіндегі Ақшат елдімекенінде қазақ күресі, тоғызқұмалақ пен асық атудан сайыс өтіп, ат бәйгесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2025
Ақтөбеде 208 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған
Ақтөбе облысы Полиция департаменті «Құқықтық тәртіп» републикалық жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында өткен рейд қорытындысын жариялады. Қылмыстардың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 12-14 қыркүйек аралығында күшейтілген режимде жұмыс істеген тәртіп сақшылары 64 қылмысты тіркеп, іздеуде жүрген 2 қылмыскерді ұстады және заңсыз есірткі және суық қару сақтаған 50 тұрғынды жауапқа тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2025
Ырғыз елді мекенінде ауданның 180 жылдығына байланысты бірнеше іс-шара өтті. Тарихи мекенге арналған ғылыми конференцияда ХІХ–ХХ ғасырдағы тарихи оқиғаларды, түрлі зұлмат кезеңдерін бастан өткерген Ырғыздың есімдері ескерусіз қалған тұлғалары туралы зерттеулерін баяндаса, мемлекет қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтің қызы, Ырғыз ауданының құрметті азаматы, Алматыдан келген 93 жастағы Орынша Қарабалина Ыбырай Алтынсарин мектебінен түлеп ұшқан Ырғыз арыстары жөнінде тебірене сөйледі.
Отбасы • 13 Қыркүйек, 2025
Балтабек Ләтіппайұлы мен Зібайда Зейноллақызы Жахияновтар төрт баладан он бес немере, бір шөбере сүйіп отырған бақытты ата-әже. Елу жылдан бері өмірдің ыстық-суығын қол ұстасып бірге еңсеріп келе жатқан ерлі-зайыптылардың өмір жолы көпке үлгі.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2025
Ақтөбеде «Жас бүркіт» клубының мүшелері марапатталды
Ақтөбеде өткен «Айбын» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып жүлделі орын иеленген Ұлттық ұлан әскерінің «Жас бүркіт» клубының тәрбиеленушілері марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйене отырып.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2025
Ақтөбеде «Шеберлер шеруі» фестивалі аясында республикалық «Бақытты отбасы» ақпараттық-кеңес беру орталығының қолөнер шеберлері заманауи құрақ құрау, киізден бұйымдар жасау, терме алаша тоқу, ши өруден ақтөбелік 200 қыз-келіншекке шеберлік сабақтарын өткізді.