Сонымен бірге Әйтеке би, Байғанин, Темір және Шалқар аудандарының төрт шалғай ауылында жаңа мектеп құрылыстары басталады. Сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы №5, №17, №22 және №37 орта мектептері толық жөнделіп, материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Алайда, он жылдан бері жаңа білім ошағын талап етіп келген «Самара-Шымкент» тасжолы бойындағы Қалыбай ауылының өтініші бұл жолы да орындалмай қалды.
Алматы жылу электр орталықтарының толығымен газға көшірілетін уақыты белгілі болды
Былтыр он ауылда медициналық пункттер бой көтерсе, биыл төрт аудандық ауруханаға қосымша құрылыс салу жоспарланып, жобалау-сметалық құжаттары әзірленді. Денсаулық сақтау мекемелерін жаңғыртуға жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат желтоқсанда өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында нақтыланды.
Айта кетейік, өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен қайтарылған активтер есебінен Ақтөбе облысына бөлінген 10 миллиард теңгеге 12 әлеуметтік нысан бой көтерді.
Ақтөбе облысы