Аймақтар • Кеше

Түнгі уақытта бақылаусыз жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қысқы каникул күндерінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген рейдтер барысында Ақтөбе облысында түнгі уақытта бақылаусыз жүрген 191 жасөспірім полиция бөлімдеріне жеткізілді. Соның ішінде бірнеше қайтара тәртіп бұзған 27 кәмелетке толмаған жастың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түнгі уақытта бақылаусыз жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынды

Балаларын бақылаусыз жіберген ата-аналарымен қоса, беймезгіл уақытта жасөспірімдерді ойын-сауық орындарына кіргізген мекеменің иесіне де ірі көлемде айыппұл салынды. Полиция қызметкерлері балалар мен олардың ата-аналарына сабақ басталған күннен бастап жол қауіпсіздігі ережелері мен қоғамдық тәртіпті сақтау ережелерін түсіндіріп, мектептер маңында, жаяу жүргіншілер өткелдерінде және көлік қозғалысы көп көшелер мен қауіпті бұрылыстарда таңертеңгілік, түсте және кешкі уақытта кезекшілікке шықты.

д

Еске салайық, бұған дейін каникул кезінде құқық бұзған 126 батысқазақстандық бала туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар