Оқиға • Кеше

АҚШ-та қарттар үйінде жарылыс болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Филадельфия маңындағы қарттар үйінде газ жарылып, бірінші қабат жертөлеге опырылып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-та қарттар үйінде жарылыс болды

Фото: istockphoto.com

АҚШ-тың Бристол муниципалитетінде (Пенсильвания штаты) орналасқан Silver Lake қарттар үйінде жойқын жарылыс пен өрт болды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, апат салдарынан кем дегенде екі адам қаза тауып, бірнеше тұрғын ауыр жарақат алған.  Жойқын екі жарылыстан кейін ғимараттың терезелері ұшып кетіп, қасбеті қатты зақымдалған. Негізгі конструкция аман қалғанымен, ішкі қабаттар ортасына түскен.

Өрт сөндіру депосы нысанның тура қарсысында орналасқандықтан, мамандар сол сәтте жеткен. Алайда олар келгенде бірінші қабаттың бір бөлігі жертөлеге құлап үлгерген. Өрт инспекторы Кевин Дипполитоның айтуынша, құтқарушыларға адамдарды үйінділер арасынан, бұғатталған баспалдақтар мен тұрып қалған лифтілерден шығаруға тура келді. Бірнеше адам жертөледен аман шығарылған.

Құтқару жұмыстары қызу жүріп жатқанда, ғимарат ішінде газдың иісі байқалып, мамандар қауіпсіздік үшін нысаннан шығуға мәжбүр болған. Алдын ала болжам бойынша, апатқа газдың жылыстауы себеп болған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қаза тапқандардың нақты саны анықталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар