Президент • 24 Желтоқсан, 2025

Президент Tanym көпфункционалды кешенін аралап көрді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы оқу сыныптарын, хореографиялық залды, коворкинг-орталықты, жасанды интеллектінің инновациялық жүйесі енгізілген жүзу бассейнін, кеме модельдеу шеберханасын, театр өнері студиясы мен спорт залды аралады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Tanym көпфункционалды кешенін аралап көрді

Бұл орталық балалар мен жастардың талантын шыңдауға, көшбасшылық қабілетін, ғылыми ойлау жүйесі мен шығармашылық әлеуетін жетілдіруге мүмкіндік береді. 

Жоба балаларға заманауи білімді, технологияны, мәдениет пен спортты қолжетімді етуге бағытталған. 

Қазір кешенде 100-ден астам жоғары білікті педагог жұмыс істейді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтың ұстаздарымен және оқушыларымен әңгімелесіп, балалар мен жастар шығармашылығын дамытудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар ұжым жұмысына табыс тіледі. 

Соңғы жаңалықтар