Аймақтар • Кеше

Ақтауда қауіпті дизель отыны сатылған

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің инспекторлары қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін дизель отынын сату фактісін анықтады. Зертхана сынақтары нәтижелері бойынша ДТ-Л-К4 маркалы дизель отыны Кеден одағының талабына сай емес екені белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Ақтауда қауіпті дизель отыны сатылған

Фото: kz.kursiv.media

Аталған дизельдегі күкірттің массалық үлесі 115 мг/кг-ды құраған. Ал рұқсат етілген норма 50 мг/кг-дан аспауы тиіс болған.

Осы заңбұзушылықтарға байланысты уәкілетті орган сотқа талап арыз жолдады. Сот кәсіпкерді техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін ДТ-Л-К4 маркалы дизель отынының тәркіленген өнімін иелену, пайдалану құқығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Енді кәсіпкер қолданыстағы заңнаманы сақтай отырып қауіпті дизель отынын өз қаражаты есебінен жойып немесе қайта өңдеуі, не ел аумағынын шығаруы тиіс. 

 

Соңғы жаңалықтар