Мамандардың туыстарымен жүргізілген профилактикалық және түсіндіру жұмыстарының барысында қыздың әжесі мен әкесі баланы өз қамқорлығына алып, отбасында тәрбиелеуге ниетті екендерін білдірді.
«Кішкентай отандасымызды елге қайтару үшін Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып ауқымды жұмыс атқарылды. Біз сәбидің жақын туыстарын анықтап, оны Қазақстанға қайтару туралы шешімге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта бүлдіршін өз үйінде, туғандарының жанында», деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Ол аталған жағдайда шұғыл әрекет етуді талап етті. Себебі бастапқыда Ұлыбританияның құзырлы органдары сәбиді сол жақтағы бөтен отбасыға асырап алуға беру мәселесін қарастырып жатқан болатын. Қазақстандық тарап баланың азаматтығын сақтап, туыстарынан ажырап қалмауын қамтамасыз етті. Сондай-ақ елге қайтару шаралары аясында балаға қазақстандық үлгідегі туу туралы куәлік рәсімделді.