Фото: fc-akhmat.ru
62 жастағы маман жасына қарамастан, Аустрия Бундеслигасының ардагерлер командасы сапында қақпаға тұрып, турнир бойы өте сенімді ойын көрсетті. Өзінің бұрынғы қақпашылық дағдылары мен бай тәжірибесін паш еткен Черчесов шешуші сәттерде командасын голдан құтқарып, турнирдегі жеңіске өлшеусіз үлес қосты.
Черчесов үшін Аустрия жері жат емес. Оның ойыншы ретіндегі жарқын жылдары дәл осы елде өткен болатын:
- 1996-2002 жылдар аралығында «Тироль» клубының намысын қорғап, 182 матч өткізді.
- Осы клуб сапында Аустрияның үш дүркін чемпионы атанды.
- Сондай-ақ карьерасында Германияның «Динамо Дрезден» (1993-1995) командасында да өнер көрсеткен.
Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін жарты жыл бойы ұстады. Ресейлік маман 2025 жылдың 27 қаңтарында ресми түрде өз өкілеттігін тапсырып, қызметінен кеткен болатын.