м
Мәдениет • 06 Шілде, 2025
Ұлттық домбыра күні: Астанада өткен бірегей мәдени шараға 20 000-нан астам қонақ жиналды
6 шілде күні Астананың жүрегінде, Атырау көпірінде Ұлттық домбыра күніне арналған ауқымды мәдени шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Шілде, 2025
Ертіс-Баян өңірінің өндірістерінде 34 жазатайым оқиға тіркелген
Жыл басынан өңірдегі өндірістік ұйымдарда 34 жазатайым оқиға болған. Салдарынан 35 адам зардап шегіп, 1 азамат көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 06 Шілде, 2025
Биыл Павлодар колледжеріне 6 мыңнан астам грант бөлінді
Қазіргі уақытта Ертіс-Баян өңірінің 42 колледжінде құжат қабылдау науқаны қызу жүріп жатыр. Талапкерлер 71 түрлі мамандық бойынша таңдау жасап, тегін білім ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 06 Шілде, 2025
АҚШ-тың Техас штатында су тасқынынан 24 адам қаза тауып жүздеген адам жоғалып кетті
АҚШ-тың Техас штатында күшті су тасқыны салдарынан 24 адам қаза тапты. Христиандық жазғы қыздар лагерінде кемінде 20 тәрбиеленуші хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы Egemen.kz New York Times порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мереке • 06 Шілде, 2025
Қарағандыда жаңа туған сәбилерге домбыра сыйлады
Қарағандыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күні мерекесіне орай ерекше шара өтті: өңірдегі перзентханаларда жаңа туған сәбилерге символикалық ұлттық аспап – домбыра сыйға тартылды, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 06 Шілде, 2025
Алматылық дәрігерлер бірге инфаркт алған ерлі-зайыптыларды құтқарып қалды
Алматы қаласының тұрғындары Қалибек пен Бақтыгүл 45 жылдан бері бірге қол ұстасып, ел қатарлы еңбек етіп, бала өсіріп, немере сүйіп отырған жандар еді. Тағдыры да, жүрек лүпілі де қатар соғып тұрғандай жолдасы ауыр инфарктпен ауруханаға түскенде, Бақтыгүлдің жүрегі де сыр беріп, бірнеше күннен кейін ол да ауруханадан бір-ақ шығады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 06 Шілде, 2025
Бүгін астаналықтарды қандай мерекелік шаралар күтіп тұр?
Бүгін — Астана күні. Соған орай, қалада 100-ден астам мерекелік іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Jibek Joly арнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған Астана қаласы мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы қала қонақтарын қандай тосын сыйлар күтіп тұрғанын баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 06 Шілде, 2025
Білікті жұмысшы мамандарын даярлауға арналған 8 мыңнан астам білім беру бағдарламасы әзірленді
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі трансформациялануда. Осы жұмыстың негізгі құралдарының бірі - ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ әзірлеген техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының Реестрі болды, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 06 Шілде, 2025
Он жылға жас болып көрінудің қарапайым жолы қандай?
Тиімді әрі арзан жолмен жас көрінгісі келетіндерге биологиялық жасты 10 жылға дейін жасарту үшін қымбат процедураларға жүгінудің қажеті жоқ. Ең бастысы - дұрыс тамақтану, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 06 Шілде, 2025
Астанада тағы бір жаңа аудан пайда болуы мүмкін
Мұндай қарқынмен таяу арада бас қалаға тағы бір ауданды құруға тура келмек. Бұл туралы қала белсендісі, Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Шілде, 2025
Қарағанды облысындағы жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты
Балқашқа бағыт алған жеңіл көлік жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жол учаскесіне шығып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 05 Шілде, 2025
200 оқушы «Ерке сылқым» күйін тартты
Таразда Ұлттық Домбыра күні мерекесіне орай күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың шығармашылығына арналған «Саз серісі – Әбдімомын» атты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 05 Шілде, 2025
Екібастұздың Шандақсор көлінде 2009 жылғы бала суға батып кетті
Баланың денесін іздеуге өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды. Құтқарушылар көлде қатты толқын тұрып, кедергі келтіріп жатқанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 05 Шілде, 2025
Жыл сайын Алакөл көліне қатынау мүмкіндіктері жақсарып келеді. Биыл туристер үшін бірқатар жаңа көлік бағыттары іске қосылмақ, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 05 Шілде, 2025
Танымал күйші 30 жыл ұстаған домбырасын музейге табыстады
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде Ұлттық домбыра күніне орай «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты ауқымды көрме ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Шілде, 2025
«Oceanman Kazakhstan – 2025» Қонаевтағы "Heaven Club" демалыс базасында басталды. Биылғы жылы жүзудің бес түрі бойынша әлемнің 18 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысуда, оның ішінде Үндістан, БАӘ, Франция, Кувейт, Италия, Латвия, Ұлыбритания, Испания, Малайзия, Германия және Венгрия елдері бар. Қапшағай көлі жағалауына жанкүйерлермен қоса 3 мыңнан астам адам жиналды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 05 Шілде, 2025
Қазақстандық оқушылар IChO-2025 халықаралық химия олимпиадасына аттанды
5–14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде 57-ші Халықаралық химия олимпиадасы (IChO-2025) өтеді. Олимпиадаға 90-нан астам елдің үздік жас химиктері қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 05 Шілде, 2025
Алдымыздағы қос мереке – Домбыра және Астана күні қарсаңында Қарасай ауданында ерекше оқиға орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 05 Шілде, 2025
Алакөл жағалауы жарықпен толық қамтылды
Алакөлдегі демалыс орындары жаңа «Ақши» қосалқы станциясы арқылы үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіле бастады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 05 Шілде, 2025
Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті
Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында туған егіз қыздар. Олардың екеуі де ауыл балаларына тегін білім сыйлап, әлемнің үздік жоғары оқу орындарына дайындайтын IQanat High School of Burabay мектебіне оқуға түсуді мақсат етті. Дегенмен, іріктеуден өту оңай болған жоқ: IQanat Олимпиадасына 50 мың бала қатысса, биыл олардың тек 250-і ғана грант иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 04 Шілде, 2025
Ақтау әлемдік басылымда көрініс тапты
Әлемдегі беделді газеттердің бірі - британдық The Guardian басылымы «Күннің үздік фотосы» айдарында Ақтауда өткен «Даламен үндес баба өнер» халықаралық қолөнершілер фестивалінен фотосурет жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 04 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаты Павлодардағы дағдарыс орталығының жұмысымен танысты
Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Ажар Сағандықова Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Онда Павлодар қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметімен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 04 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаттары Астанадағы балаларды қолдау орталығына барды
Өңірлерге жасалған жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов пен «AMANAT» партиясынан сайланған депутат Снежанна Имашева Астана қаласындағы арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына барды. Депутаттар балалардың өмір сүру жағдайларымен, тәрбиелік жұмыстардың ұйымдастырылуымен және қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға көрсетілетін әлеуметтік көмекпен танысты,деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Шілде, 2025
«Tańba» клубының отырысында қазақ геральдикасының даму жолдары талқыланды
ҚР Ұлттық музейінде «Геральдикалық зерттеулер орталығы» жанынан құрылған «Tańba» ғылыми-әдістемелік клубының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Шілде, 2025
Елімізде бауыр мен қуықасты безі ісігін анықтайтын фьюжн-биопсия әдісі қолжетімді болды
Ұлттық ғылыми онкология орталығында бауыр мен қуықасты безінің қатерлі ісіктерін жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік беретін инновациялық диагностикалық әдіс — фьюжн-биопсия енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Шілде, 2025
Зейнеткерлер арасында шахматтан турнир өтті
Елорда күніне орай Сарайшық ауданында жеңімпаздар швейцариялық жүйе бойынша анықталатын шахматтың рапид түрінен зейнеткерлер арасында жарыс өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Шілде, 2025
Танымал рэп орындаушысы Drake қазақстандық әншінің әнін ұрлаған
Қазақстандық әнші Мерей Айымбетова (сахнадағы есімі – Merey) өзінің Instagram сторисінде 2023 жылы жарық көрген «Ұйқы ханшайымы» әні мен Дрейк, PARTYNEXTDOOR және Yebba бірігіп шығарған жаңа «Die Trying» трегінің әуенін салыстырды. Оның айтуынша, екі әннің мелодиясы бір-біріне тым ұқсас, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Шілде, 2025
Римде болған жарылыстан 21 адам зардап шекті
Италия астанасы Римде газ құю станциясында болған күшті жарылыс салдарынан 21 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Оқиға Пренестино ауданындағы Виа деи Гордиани көшесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Шілде, 2025
Құтқарушылар судағы қауіпсіздікке қатысты ескерту жасады
Жаз маусымында суға шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын елемеу адам өміріне үлкен қатер төндіреді. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) азаматтарға судағы қарапайым ережелерді қатаң сақтау керектігін ескертіп, түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Құтқарушылар әсіресе балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Шілде, 2025
Депутаттар Петропавлда салынып жатқан балабақша құрылысын тексерді
Петропавлда заңсыз шығарылған активтермен күрес аясында мемлекетке қайтарылған қаржыға балабақша салынып жатыр. Мәжіліс депутаттары, «АМАNАТ» партиясы фракциясының мүшелері Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода нысанның жалпы жай-күйі мен белгіленген мерзімдерге сәйкестігін, қаржының жұмсалу тиімділігін тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.