
Еңбек инспекциясы комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Асқар Қапановтың айтуынша, тау-кен металлургия өнеркәсібінде және құрылыс саласында жұмыс істейтін азаматтар көбірек зардап шегіп жатыр. Жыл басынан 34 жазатайым оқиға тіркеліп, 35 адам мертіккен.Тағы 1 адам қайтыс болды.
- Мәселен, біздің аймақ бойынша жазатайым оқиғалардың басым бөлігі Павлодар мен Екібастұз қалаларындағы өндірістерде болған. Жыл басынан «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Шығыс кенішінде 2 жағдай, «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС-де 2 оқиға және «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның электр стансасында тағы да 2 жазатайым жағдай тіркелген. Басты себеп – жұмыстың талапқа сай ұйымдастырылмауы,-дейді басқарма басшысы.
Өңіріміздегі қызметкерлер арасында жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі шаралар шеңберінде павлодарлық 25 кәсіпорынға «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді. Сонымен қатар, бүгінде облыс кәсіпорындарында 881 өндірістік кеңес жұмыс істеп жатқан жайы бар.
Павлодар облысы