Фото: Ашық дереккөз
Әзірлеушілердің айтуынша, KAI роботы түрлі тұрмыстық және жұмыс міндеттерін орындай алады:
- киімдерді жинап, үй ішін ретке келтіреді;
- тұрмыстық және жұмыс құралдарын пайдаланады;
- тапсырыстарды жеткізеді;
- балаларды қарауға көмектеседі.
Сонымен қатар робот тек тапсырманы орындап қана қоймай, қоршаған ортамен өзара әрекеттесуге бейімделген.
Компания өкілдерінің мәліметінше, KAI жағдайды талдап, адамның тұрақты бақылауынсыз шешім қабылдай алады. Бұл оны тек алдын ала берілген алгоритм бойынша жұмыс істейтін көптеген құрылғылардан ерекше етіп көрсетеді.
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді
Робот әртүрлі сценарийлерге – үй жағдайынан бастап коммерциялық қызметке дейін оңай бейімделе алады.
Мұндай әмбебап құрылғыларды жасау робототехника саласындағы жаңа бағытты көрсетеді: тар маманданған шешімдерден көпфункциялы жүйелерге көшу.
Жамбылда байқауды робот жүргізді: Жаңа формат көрерменді таңғалдырды
KAI-дың пайда болуы гуманоид роботтардың күнделікті өмірге кеңінен енуіне жол ашып, бір құрылғының бірнеше мамандықтың орнын алмастыруына ықпал етуі мүмкін.