Банк • Бүгін, 12:15

Мерзімін өткізіп алмаңыз: «Отбасы банк» мамыр айындағы төлемдер кестесін жариялады

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Отбасы банк» алдағы мерекелік күндерге байланысты банктердің серіктес жүйелері арқылы депозитті толықтыру және несиені өтеу операциялары бойынша қаражаттың есепке алыну тәртібі өзгеретінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мерзімін өткізіп алмаңыз: «Отбасы банк» мамыр айындағы төлемдер кестесін жариялады

Төлемдердің есепке алыну уақыты:

– 2026 жылғы 30 сәуір, 1 және 2 мамыр күндері сағат 21:10-ға дейін жасалған төлемдер 30 сәуір 2026 жылы есепке алынады;

– 2 мамыр күні 21:10-нан кейін жасалған төлемдер және 3 мамырдағы операциялар 2026 жылғы 4 мамырда есепке түседі;

– 7 мамырдағы төлемдер 2026 жылғы 8 мамырда есепке алынады;

– 9 мамыр күні сағат 21:30-ға дейін жасалған төлемдер 8 мамырда есептеледі;

– 9 мамыр 21:30-дан кейінгі, сондай-ақ 10 және 11 мамыр күндеріндегі төлемдер 2026 жылғы 12 мамырда өңделеді.

Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты

Қаржылық операцияларды жоспарлау кезінде осы кестені ескерген жөн.

Соңғы жаңалықтар