
5 шілде күні Kia Sedona көлігінің жүргізушісі алдын ала мәлімет бойынша, жол белгілеріне назар аудармай, қарсы бағыттағы көлікті басып озуға тырысқан. Соның салдарынан жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жол бөлігіне шығып, одан кейін жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Осыдан кейін көлік өртеніп кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан көліктегі жеті жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.
Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.