Өнер • Кеше

Ақтау әлемдік басылымда көрініс тапты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі беделді газеттердің бірі - британдық The Guardian басылымы «Күннің үздік фотосы» айдарында Ақтауда өткен «Даламен үндес баба өнер» халықаралық қолөнершілер фестивалінен фотосурет жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Ақтау әлемдік басылымда көрініс тапты

Бұл суретті The Guardian-ның арнайы редакциялық тобы таңдап алған, осылайша Ақтаудағы фестивальдің бір көрінісі дүниежүзінен іріктеліп алынған үздік фотосуреттердің қатарына енді. Бұл отандық қолөнер мен мәдениеттің әлемдік деңгейде танылып келе жатқанының бір дәлелі. Фотоның авторы - түрік фотографы Элькин Эскипехливан.

Еске салсақ, 28-29 маусым күндері Ақтау қаласында «Даламен үндес баба өнер» халықаралық фестивалі өтті. Оған елімізбен қатар шет мемлекеттерден келген қолөнершілер қатысып, туындыларын ұсынды. Фестиваль аясында жәрмеңкелер, көрмелер, шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, меймандар ұлттық салт-дәстүрлермен танысты.

Фестивальдің басты мақсаты - дәстүрлі өнерді насихаттау, өскелең ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру және қазақ қолөнерінің халықаралық аренадағы беделін арттыру.