Төтенше жағдай • Кеше

Екібастұздың Шандақсор көлінде 2009 жылғы бала суға батып кетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баланың денесін іздеуге өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды. Құтқарушылар көлде қатты толқын тұрып, кедергі келтіріп жатқанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұздың Шандақсор көлінде 2009 жылғы бала суға батып кетті

Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентіндегі «Шандақсор» жасанды көлінде 4 шілде күні сағат 16.10 шамасында 2009 жылы туған ер бала суға батып кеткен.

- Бала тыйым салынған жерде суға түскен. Қазіргі уақытта іздеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Іздеу іс-шараларына Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының күштері - 6 қызметкер, 2 бірлік техника, 2 жүзу құралы, сондай-ақ эхолот тартылды. Қолайсыз ауа райы, атап айтқанда екпінді жел мен көл бетіндегі үлкен толқындар көп қиындық тудырып тұр.Соған қарамастан сүңгуірлер жұмыстарын жалғастыруда,-деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдай қызметінің мамандары жабдықталмаған жерлерде шомылу өте қауіпті екенін ескертеді. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау – адам өмірі мен денсаулықты сақтаудың кепілі.