
Бұған дейінгі ескі желілер жүктемені көтере алмай, жиі өшулер орын алатын. Мәселені шешу үшін Бескөлден Ақшиге дейін 56 шақырымға созылған 110 кВт электр желісі тартылып, 32 МВт қуат шығаратын жаңа станция салынды. Қажеттілік әзірге 10 МВт шамасында, яғни жоба болашақты да қамтиды.
Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл жаңалық демалушыларға ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Кондиционер, бойлер сияқты құрылғыларды кедергісіз пайдалануға болады.
Сондай-ақ, Ақши ауылында кәріз жүйесі толықтай жаңартылып, 69,7 шақырым желі тартылған. Қазір тазарту құрылғысының құрылысы жүріп жатыр. Нысан 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған. Тазартылған су көгалдандыруға жұмсалмақ.
Интернет сапасы да жақсарып келеді. Жағалауда 16 базалық станция жұмыс істейді, оптикалық желі тартылып, туристік нысандар кезең-кезеңімен қосылып жатыр.