Аймақтар • 17 Наурыз, 2026
Жетісуда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 60 нысан, атап айтқанда, 15 дәрігерлік амбулатория, 40 фельдшерлік-акушерлік, 5 медициналық пункт салынған. Өңірде ауыл халқының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Бір әулеттің 70 мүшесі референдумда дауыс берді
Алакөл ауданына қарасты Жанама ауылындағы №54 сайлау учаскесінде облыстық «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жүлдегерлері – Шугаевтар әулеті ұйымшылдық танытып, бірлесіп келіп өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Жетісуда қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетіп жатыр
Текелі қаласында маңызды саяси науқан – референдум күні тұрғындардың өз азаматтық таңдауын еркін әрі кедергісіз жасауына барлық мүмкіндік қарастырылды. Сол игі бастамалардың бірі – қоғамдық көліктің бүгін тегін қызмет көрсетуі, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Жетісуда 105 жастағы әже алғашқылардың қатарында дауыс берді
Панфилов ауданында ғасырдан асқан кейуана Нағиман Шалабаева ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады. 105 жастағы қария Жаркент қаласындағы №290 дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпкер • 13 Наурыз, 2026
Жетісулық жас кәсіпкер Ерболат Еренталов табиғи ашытқыны пайдалана отырып, нан өндірісін жандандырды. Дәстүр мен денсаулықты ұштастырған ерекше жоба елдің қызығушылығын тудырған. Мамандығы экономист болғанымен, жүрек қалауымен наубайшылықты таңдаған ол бүгінде нанның жеті түрін шығарады. «Ерентал» наубайханасында жергілікті ұннан күніне 350-ге жуық өнім әзірленеді.
Қоғам • 07 Наурыз, 2026
Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында жетісулық көпбалалы аналар көптен күткен баспаналарына ие болды. Жеке үйлер мен пәтерлердің кілті Талдықорған қаласы мен Көксу ауданының тұрғын үй кезегінде тұрған аналарға берілді. Осылайша, 35 отбасы қоныс тойын тойлады.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
Жетісудағы жаңа мамандықтар легі
Жетісу облысы дербес өңір болып құрылған сәттен бастап кадр даярлау ісі серпін алды. Бүгінде аймақтағы 18 колледж базасында 31 жаңа мамандық ашылып, 1 162 студент заман талабына сай білім алып жатыр. Бұл – жай ғана статистика емес, өңір экономикасының беталысын айқындайтын нақты көрсеткіш.
Саясат • 04 Наурыз, 2026
Ортақ жауапкершіліктің көрінісі
Талдықорғанда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының жұртшылығымен кездесті. Сапар аясында өткен іс-шараларға «Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі» тақырыбы арқау болды. Жергілікті шаруалар, өндіріс қызметкерлері, белсенді жастар, мәслихат депутаттары және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен болған кездесулерде жаңа Конституция жобасының маңызды нормалары кеңінен талқыланды.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2026
Алғыс айту күніне орай Жетісу облысының Қаратал ауданында «Алғыс – бірлік бастауы» атты мерекелік іс-шара өтіп, ел көлемінде жаңа рекорд тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2026
Балқашта алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті
Жетісу облысы аумағында туризмді дамыту аясында Балқаш көлі жағалауында алғаш рет «Balkhash Winter Fishing – 2026» қысқы балық аулау фестивалі өтті. Шараға Астана, Алматы, Өскемен, Талдықорған қалаларынан келген әуесқой балықшылармен қатар Үндістан мен Якутиядан арнайы шақырылған тревел-блогерлер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.