Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1158 материал табылды

Аймақтар • 01 Сәуір, 2025

Текеліде тұрғын мен полицейлер жас жігіттің өмірін сақтап қалды

31 наурыз күні Текелі қаласында жергілікті тұрғынның қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері 22 жастағы Тимур Абдулиннің өмірін сақтап қалуға көмектесті. Ес-түссіз жатқан жігіт қаладағы кешендердің бірінің жертөлесінен табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2025

Жаңа емхана, тың әдіс

Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылында дәрігерлік амбула­то­рияның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жол картасы аясында қолға алынған маңызды әлеуметтік нысан­­ның жұ­мысы депутаттар мен жер­гілікті билік өкілдерінің бақы­­ла­уында. Одан бөлек, облыс орта­лы­ғында тың медициналық әдіс­тер тәжі­ри­беден өтіп, жергілікті мамандар ш­етелдік дәрі­герлерден дәріс алады.

Экономика • 27 Наурыз, 2025

Болат шар өндіретін зауыт

Жетісуда алғаш рет жылына 150 мың тонна тегістегіш болат шар өндіретін жаңа зауыт салынады. Сондықтан өңір экономикасына 85 млн доллар көлемінде инвес­­­тиция тартылмақ. Кәсіп­орынмен бірге жүзге тарта жаңа жұмыс орны ашылады. Аталған жоба Жетісу жеріндегі тау-кен металлургия саласына тың серпін бермек.

Аймақтар • 21 Наурыз, 2025

Көгалдандыру – экологияны жақсарту

Жетісуда Наурызнама онкүндігі аясында 5 мың түп ағаш отырғызылды. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев бастаған қала тұрғындары мен зиялы қауым ашық алаңдар мен саябақтарға ағаш көшеттерін егіп, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Аймақтар • 19 Наурыз, 2025

Көшпелі оңалту жобасының игілігі

Талдықорғандағы «Асар» мүгедектерге арналған спорт­тық-оңалту орта­лығы көпке мәлім. Оған рес­публиканың түкпір-түк­пірінен ем іздеп келу­шілер көп. Әлеуметтік орталық мүм­кіндігі шек­теулі жандардың жағ­дайын ескере отырып, мүге­дектерге көшпелі оңалту шараларын жүргізуді қолға алған. Жоба аясында мамандар емделушілердің үйіне барып, уақытына сай қызмет көрсетеді.

Қоғам • 18 Наурыз, 2025

336 баланың тұсауы кесілді

Наурызнама онкүндігі аясында өңірде «Өмірге алғашқы қадам» атты тұсау­кесу рәсімі өтті. Игілікті іс-ша­рада 336 баланың тұсауы кесілді. Бұл – ел тари­хында бұрын-соңды болмаған оқиға. Танымал аза­маттар кішкен­тай балдырғандардың қадамына құт тілеп, алажіпті кесті. Осылайша, сала­натты жиын еліміздің рекордтар кітабына енді.

Мереке • 15 Наурыз, 2025

Жетісуда бір күнде  300 баланың тұсауы кесілді

Наурызнама онкүндігі аясында Талдықорғанда 50 баланың тұсауы кесілсе, қалған аудандарда 250 бала алғашқы адымын жасады. Бұл Қазақстан рекорды болып саналады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Аймақтар • 13 Наурыз, 2025

Жетісуда пияз өңдеу зауыты салынады

Жетісудың жері байтақ, егін және мал шаруашылығымен еркін айналысуға болады. Мұны ескерген шетелдік инвесторлар түрлі ұсыныс жасап жатыр. Мәселен, қытайлықтар пияз өңдеу зауытын салуды көздесе, Өзбекстан ет экспорттауға қызығушылық танытқан. Айырқалпақты ағайын өнеркәсіп өндірісі, жасыл энергетика, туризм саласына инвестиция құюды құп көреді.

Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025

Тракторшы апа

Ел арасында «тракторшы апа» атанып кеткен көпбалалы ана Шакира Идрисова ұзақ жылдан бері егін шаруашылығымен тұрақты айналысады. Бүгінде қант қызылшасын өсіріп, осы саланың дамуына да лайықты үлес қосып келеді.

Туризм • 07 Наурыз, 2025

Алтынемел, Айғайқұм – табиғат сыйы

Жетісу құландарын көруге Үндістан, Қытай, Корея, Франция, Германия, Ресей сынды алыс-жақын шетелдерден жыл сайын мыңдаған турист келеді. Олар түз жануарын далада кездестіру мақсатында апталап жатады. Осы тұрғыда «Алтынемел» ұлттық табиғи паркінің беделі жоғары. Жануарларды зерттеуші ғалымдар да Күреңбел мекеніне соқпай кетпейді.