Taza.kz
Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1284 материал табылды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Табиғатпен үндескен өлке

Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өңірдің келбетін жыл санап жаңартып келеді. Биыл облыс аумағында 12 жасыл аймақты – 9 саябақ, 1 гүлзар, 2 аллеяны абаттандыру жоспарланған. Бұл – экологиялық ахуалды жақсартатын, қалалар мен ауылдардың ажарын ашатын ауқымды жұмыс.

Қоғам • 16 Сәуір, 2026

Қоныстой қуанышы

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету – маңызды жұмыстың бірі. Сол тұрғыда Жетісу өңірінде баспаналы болсам деген тұрғындардың дені онлайн кезек арқылы пәтерге ие болды.

Қоғам • 15 Сәуір, 2026

Талдықорғаннан Астанаға пойыз жүреді

Талдықорғандықтар тарихи сәттің куәсі болды. Жақында ресми түрде іске қосылған «Астана – Ақтоғай – Талдықорған» жаңа теміржол бағыты­мен елордадан алғашқы тікелей пойыз келді. Бұл – жаңа маршруттың ашылуы ғана емес, Жетісу өңірінің әлеуметтік-эко­но­микалық дамуына тың серпін беретін маңызды қадам.

Талбесік • 10 Сәуір, 2026

Жетісудың су қоры: Түйінді мәселелер мен тиімді шешімдер

Жетісу – егін мен мал шаруашылығына арқа сүйеген аграрлы өңір. Алайда кейінгі жылдары климаттың құбылмалылығы, трансшекаралық су ағынының тұрақсыздығы, кеңес дәуірінен қалған гидротехникалық жүйелердің тозуы су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Бүгінде суармалы жер көлемі едәуір артты. Биыл белгіленген 1,877 млрд текше метр су лимиті шаруаларға толық жете ме?

Аймақтар • 17 Наурыз, 2026

Заманауи медициналық нысандар

Жетісуда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 60 нысан, атап айтқанда, 15 дәрігерлік амбулатория, 40 фельдшерлік-акушерлік, 5 ме­дициналық пункт салынған. Өңірде ауыл халқының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Бір әулеттің 70 мүшесі референдумда дауыс берді

Алакөл ауданына қарасты Жанама ауылындағы №54 сайлау учаскесінде облыстық «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жүлдегерлері – Шугаевтар әулеті ұйымшылдық танытып, бірлесіп келіп өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Жетісуда қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетіп жатыр

Текелі қаласында маңызды саяси науқан – референдум күні тұрғындардың өз азаматтық таңдауын еркін әрі кедергісіз жасауына барлық мүмкіндік қарастырылды. Сол игі бастамалардың бірі – қоғамдық көліктің бүгін тегін қызмет көрсетуі, деп жазады Egemen.kz. 

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Жетісуда 105 жастағы әже алғашқылардың қатарында дауыс берді

Панфилов ауданында ғасырдан асқан кейуана Нағиман Шалабаева ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады. 105 жастағы қария Жаркент қаласындағы №290 дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Кәсіпкер • 13 Наурыз, 2026

Табиғи нанның дәмі

Жетісулық жас кәсіпкер Ерболат Еренталов табиғи ашытқыны пайдалана отырып, нан өндірісін жандандырды. Дәстүр мен денсаулықты ұштастырған ерекше жоба елдің қызығушылығын тудырған. Мамандығы экономист болғанымен, жүрек қалауымен наубайшылықты таңдаған ол бүгінде нанның жеті түрін шығарады. «Ерентал» нау­байханасында жергілікті ұннан күніне 350-ге жуық өнім әзірленеді.

Қоғам • 07 Наурыз, 2026

Көпбалалы отбасы қуанышы

Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында жетісулық көпбалалы аналар көптен күткен баспаналарына ие болды. Жеке үйлер мен пәтерлердің кілті Талдықорған қаласы мен Көксу ауданының тұрғын үй кезегінде тұрған аналарға берілді. Осылайша, 35 отбасы қоныс тойын тойлады.

Яндекс.Метрика