
Медицина • 16 Қыркүйек, 2025
Жетісуда жылжымалы медициналық кешендер 119 ауылды қамтыды
Жетісу облысында өткен жарты жыл ішінде жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) өңірдің 119 ауылын аралап, 58 мыңнан астам адамды медициналық тексеруден өткізді. Оның ішінде 2 мыңнан астамы – балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Қыркүйек, 2025
Театр мен тағылым тоғысқан мерейлі сәт
Талдықорғанда Бикен Римова атындағы драма театрының 50 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференция өтті. Мерейлі шара аясында өнер ордасының жарты ғасырлық тарихын баяндайтын құнды кітаптың тұсаукесері жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 12 Қыркүйек, 2025
Жетісуда жедел жәрдем қызметі жаңа көліктермен толықты
Жетісу облысының жедел жәрдем қызметіне тағы 29 арнайы көлік берілді. Көліктердің кілтін аймақ әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы орталық алаңда өткен шарада тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2025
Жетісуда адами капиталды дамытуға басымдық берілуде
Талдықорғандағы Б. Құранбек атындағы Журналистер үйінде Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған адами капиталды дамыту мәселелеріне арналған брифинг өтті. Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов өңірдегі білім беру, спорт және кадр даярлау бағыттарындағы жаңалықтарға тоқталды.
Мектеп • 04 Қыркүйек, 2025
Жетісуда екі жаңа мектеп ашылды
Жаңа 2025-2026 оқу жылы қарсаңында Жетісу облысында бірқатар білім нысандары пайдалануға берілді. «Келешек мектебі» жобасы аясында Алакөл ауданы Достық ауылында 600 орындық, Панфилов ауданы Лесновка ауылында 300 орындық жаңа мектеп ашылды. Жыл соңына дейін Ақсу мен Кербұлақ аудандарында тағы екі мектеп қолданысқа беріледі. Сонымен бірге өңірде сегіз білім нысаны күрделі жөндеуден өтуде, оның алтауы биыл аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2025
Жетісу өңірінде білім сапасы артып келеді
Талдықорғанда өткен «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы облыстық тамыз конференциясында Жетісу облысының педагогтары жаңа оқу жылының міндеттерін айқындап, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Талдықорғанда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған поэзия кеші өтті
Әдеби кеш «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты 10 күндік мерекелік шаралар аясында «Абай – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Талдықорғанда Абайдың 180 жылдығына арналған мерекелік шара өтті
Бүгін Талдықорған қаласында Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында салтанатты шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 31 Шілде, 2025
Жетісуда 17,5 шақырым арық желісі салынады
Жетісу облысында биыл жалпы ұзындығы 17,5 шақырымды құрайтын арық желілерін жабдықтау жоспарланған. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2025
Алакөлде емхана мен мектеп жеткілікті ме
Алакөл ауданының Достық ауылында 600 орындық «Келешек мектебі» жаңа оқу жылында ашылады. Сонымен қатар Үшарал қаласында да 600 орындық жаңа мектеп құрылысының жобасы дайындалуда. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.