Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1225 материал табылды

Өнер • 01 Шілде, 2025

Жетісуда 5000 адам бір мезетте күй тартып, рекорд орнатты

Бүгін Талдықорған қаласының орталық алаңында Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған «Ұлы дала үні» атты облыстық флешмоб көпшіліктің рухын көтерген жарқын мәдени оқиғаға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талбесік • 01 Шілде, 2025

Көктерекпен көркейген Еркін

Көгалдандыру жұмысы аясында биыл өңірде 120 мың көшет отырғызылды. Бұл – аймақтың абаттануына, табиғатты қорғауға бастайтын ауқымды жұмыстардың бірі. Бүгінде тұрғындар өзі тұратын ауланы жасыл-желекке орауды қызу қолға алып жатыр. Айталық, Көксу ауданында жалғыз өзі ауылында 8 мың түп көктерек көшетін отырғызған тұрғын ­бар. ­Ол он бес жылдан бері осы игілікті іспен айналысып келеді.

Өнер • 26 Маусым, 2025

Театр сахнасында – оқушылар

Талдықорған төрінде алғаш рет мектеп оқушылары арасында «Театр – тәрбие бастауы» атты облыстық театр фестивалі өтті. Бұл – елімізде бұрын-соңды болмаған тың бастама. Аудандардан келген үздік өнер ұжымдары, қоғамдағы өзекті тақырыптарды сахналады.

Қоғам • 19 Маусым, 2025

Азаматтық қоғамның айтары көп

Мемлекеттік және азаматтық сектор арасындағы серік­тес­тікті нығайтып, өзекті мәселелердің шешімін табу маңызды. Осы мақсатта Жетісуда алғаш рет «Азаматтық қоғам 2.0: мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылдың инновациялық үлгілері – өңірлік дамудың драйвері» атты ауқымды азаматтық форум өтті. Оған Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан және еліміздің өзге өңірлерінен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, белсенді азаматтар қатысты.

Қоғам • 19 Маусым, 2025

Кітапқұмарлар көш түзеді

Әдебиетке іңкәр шәкірттерді қанаттандырып, шығармашылыққа жетелейтін бірегей алаңға айналған «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі оқу жылын аяқтады. Мемлекет басшысының кітап оқитын ұлт қағидасына сай құрылған көшпелі оқу үрдісі жүздеген баланың танымын тереңдетті. Жетісудағы игілікті бастама өзге өңірлерді де қызықтырып отыр.

Экономика • 12 Маусым, 2025

Көгілдір отынның игілігі

Жалпы ұзындығы 300 шақырымнан асатын «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырын тарту жұмыстары аяқталды. «QazaqGaz» ұлттық компаниясы жобаны мерзімінен 1,5 жыл бұрын ерте аяқтап, 80-нен астам елді мекенді көгілдір отынмен қамтымақ.

Білім • 04 Маусым, 2025

Жетісуда жас дарындар марапатталды

Аймақ оқушылары халықаралық және республикалық зияткерлік байқауларда 70-тен астам жүлде иеленді, деп жазады Egemen.kz.

Тағзым • 30 Мамыр, 2025

Әлем таныған Әнуар

Жетісу жері қашанда дарындыларын елеп-ескеріп, талантты перзенттеріне құрмет көрсетуден жалыққан емес. Исі қазақтың тұлғасына айналған Әнуар Әлімжановтың 95 жыл­дық торқалы тойы мұнда кең көлемде аталып өтілді. Қазақ әдебие­тінің көрнекті өкілі, жазушы, мемлекет қайрат­керінің мерейтойына орай республикалық ғылыми-танымдық конференция өткізілді.

Қылмыс • 28 Мамыр, 2025

Шерзат ісі: Сотқа сенімсіздік туды

Талдықорған қаласында Шерзат Полаттың қазасына қатысты өтіп жатқан сот процесі қызу талқылануда. Іс бойынша басты сотталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Жұмат Әбенов бүгінгі отырыста судья Ержан Жанұзақовқа сенімсіздік білдіріп, оны істен шеттету туралы өтініш жасады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Қылмыс • 23 Мамыр, 2025

Шерзат ісі: мәйітке жасалған зерттеу

Талдықорған қаласында көпшіліктің назарын аударған Шерзат Полаттың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша он бірінші сот отырысы өтті.