Шаруашылық • Кеше

Көксу ауданында жер қоры ұлғайып, ауыл шаруашылығы қарқыны артуда

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жетісу облысының Көксу ауданында соңғы үш жылда пайдаланылмай жатқан 46,9 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 30,2 мың гектары (64,4%) қайта айналымға тартылып, 16,4 мың гектары конкурс арқылы шаруаларға берілді, ал 13,8 мың гектары ауылдық округтерге қоғамдық жайылым ретінде бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан халқымен кездесуде айтты, деп жазады Egemen.kz.

Көксу ауданында жер қоры ұлғайып, ауыл шаруашылығы қарқыны артуда

Биыл 41 учаске бойынша үш конкурс ұйымдастырылып, 6,4 мың гектар жер иелерін тапқан. Қалған 16,7 мың гектар жер 2026 жылдың алғашқы жартысына дейін конкурс негізінде шаруаларға беріледі.

Ауданның аграрлық саласында да оң динамика байқалады. Биылғы жылдың тоғыз айында 24,3 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, егіс көлемі 30,7 мың гектарды құрады. Диқандар 47 жаңа техника сатып алып, «Кең Дала-2» бағдарламасы аясында 605,8 млн теңге жеңілдетілген несие алған.

Сонымен қатар, Ислам Даму Банкінің қаржысымен «Көксу ауданының суару желілерін қайта жаңарту» жобасы жүзеге асуда. Жоба 2027 жылы аяқталып, 16 мың гектар аумақтың суармалы жүйесі жақсармақ.

Ауданның ветеринариялық инфрақұрылымы да жаңарып келеді: соңғы екі жылда 8 ауылда жаңа ветеринариялық пункттер орнатылып, 4 қызметтік көлік сатып алынған.

Кездесуде тұрғындар ауызсу, жарықтандыру, абаттандыру және кәріз жүйесі мәселелерін көтерді. Әкім бұл бағыттағы жобалардың кезең-кезеңімен іске асатынын айтты. Сондай-ақ өңір басшысы М. Сеңгірбаев атындағы орталық саябақтың абаттандыру барысымен және жаңа 20 пәтерлі тұрғын үймен танысты.

Қорытындысында, облыс әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелердің барлығы бақылауға алынатынын жеткізді.