и
Президент • 29 Тамыз, 2025
Бибігүл Жексенбай: Конституция – елдің тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің кепілі
Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияда Сенат депутаты, белгілі журналист Бибігүл Жексенбай Ата заңның мәні мен эволюциясы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 29 Тамыз, 2025
Ата заң- барлық заңның бастауы
Қазақ халқының даңқты батыр перзенті Бауыржан Момышұлы «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп бекер айтпаса керек.
Оқиға • 29 Тамыз, 2025
Қазақстанда алғашқы ASEAN жазғы фестивалі өтті
BERNAMA агенттігінің (TV BRICS серіктесі) хабарлауынша, Қазақстан астанасы Астанада ASEAN күні – 2025 мерекесінің аясында алғашқы ASEAN жазғы фестивалі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 29 Тамыз, 2025
Қазақстан мен Словакия авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Қазақстанның Словакиядағы елшісі Жанна Сағынова Братиславадағы М. Р. Штефаник атындағы халықаралық әуежайдың бас директоры Душан Новотамен кездесіп, Астана-Братислава бағытында тікелей рейс ашу мүмкіндігін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Тамыз, 2025
Мексикада Сенат отырысында төбелес болған
Мексикада сәрсенбі күні Сенат отырысынан кейін, ұлттық гимн орындалып жатқан сәтте төбелес болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2025
Қызылорда облысында үш ауысымды оқыту мәселесі жойылды
Конституция күні қарсаңында Қызылорда қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, қоғам өкілдері, педагогтер мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Тамыз, 2025
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Тамыз, 2025
Қоғамдық пікірге ықпал етудің жасырын тетіктеріне шолу жасалды
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шолуында жарияланымдардағы әдейі енгізілген қателіктердің аудиторияға ықпал ету құралына айналып, шынайы суретті бұрмалайтыны сөз болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 29 Тамыз, 2025
Оралда «Ата Заңым – азаттығымның айғағы» атты жиын өтті
Ел Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде дөңгелек үстел басындағы кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Тамыз, 2025
Францияда 17 мың гектарды шарпыған орман өрті сөндірілді
Францияның Од департаментінде соңғы ондаған жылдағы ең ауқымды орман өрті ауыздықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 29 Тамыз, 2025
Қазақстанда демалыс күндері күн суытады
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі Қазақстан бойынша 2025 жылғы 30 тамыз – 1 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Тамыз, 2025
Шымкентте полиция қызметкері қағып кеткен әйел көз жұмды
Қайғылы жағдай 28 тамыз күні Желтоқсан көшесінде, Шымкент қалалық полиция департаментінің маңында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Тамыз, 2025
«Конституциялық реформа саяси жаңғыру үдерісіне зор серпін берді» – Қ.Тоқаев
Мемлекет басшысы Конституциясының 30 жылдығына арналған жиында Парламенттің рөлі артып, Үкіметтің жауапкершілігі күшейгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Тамыз, 2025
Ең басты конституциялық өзгеріс үш жыл бұрын жасалды – Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Тамыз, 2025
Саяси жүйемізде «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» қағидаты орнықты
Бұл туралы Президент Конституцияның 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференциядағы сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Тамыз, 2025
Ата заңымыздың жобасын талқылауға миллиондаған азамат қатысты - Президент
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Тамыз, 2025
Қазақ - Ұлы дала заңына бас иген, ар-ұяттан аттамаған халық - Қ.Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 29 Тамыз, 2025
Экс-президент Юн Сок Ёльдің жұбайы жемқорлық ісі бойынша қамауға алынды
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жұбайы Ким Кон Хи-ге жемқорлық және пара алу деректері бойынша ресми айып тағылды, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Тамыз, 2025
Ата-аналардың есепшотына 25,3 млрд теңге аударылды
Жаңа оқу жылының қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы оқушылардың барлығы «Жалпыға бірдей білім беру қоры» аясында толық қамтылып отыр. Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алуға 25,3 млрд теңге аударылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 29 Тамыз, 2025
Жолдау-2024: Полицейлер 2,6 млрд теңгеден астам қаржының ұрлануын болдырмады
Цифрландыру жағдайында интернет-алаяқтық қылмыстарының саны күрт өсіп келеді. Сол орайда азаматтарды қорғау үшін Ішкі істер министрлігі жүйелі шараларды жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 29 Тамыз, 2025
Президент Жолдауының орындалуы: жолдарда 8,5 млн ереже бұзушылықтың жолы кесілді
Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында ауқымды шаралар қабылданып жатыр. Бұл Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың басым бағыттарының бірі. Жаңа заңға сәйкес, орташа жылдамдықты асырғаны үшін жауапкершілік күшейтілді, мопедтерді міндетті түрде тіркеу енгізілді. Сонымен қатар ұсақ құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдарды ескерту шараларымен алмастыру қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 29 Тамыз, 2025
Әділет министрлігі құқықтық рәсімдерді жеңілдету жұмыстарын жүргізіп жатыр
Әділет министрлігінің басымдықтарының бірі – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ведомство онлайн-қызметтерді қарқынды дамытып, электрондық форматта мемлекеттік қызметтер спектрін кеңейтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 29 Тамыз, 2025
Жолдау 2024: Полиция 67 млн-нан астам жалған халықаралық қоңыраудың жолын кесті
Елімізде есірткі қылмысы әлі де өзекті мәселелердің бірі болып отыр. 2024 жылдан бастап вейптердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Сонымен қатар есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 29 Тамыз, 2025
Полиция алаяқтардың 2,2 млрд теңгені заңсыз иемденуіне жол бермеді
Қазақстанда Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында құқық қорғау саласында цифрлы технологияларды кеңінен енгізу жалғасып келеді. Бұл бағытта бірқатар тиімді шаралар қабылданып, олардың нәтижелері байқала бастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Тамыз, 2025
Президент: Бейбітшілік пен қауіпсіздік – барша адамзаттың ең басты құндылықтары
Бүгін, 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекіткен болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 29 Тамыз, 2025
Жолдау 2024: Қоғамдық тәртіпті 14 мыңнан астам полиция мен әскери қызметкер қамтамасыз етеді
Қазіргі таңда заңдылықты сақтау мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету – мемлекеттің тұрақты дамуының басты алғышарты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» қағидаттарын айқындай отырып, мемлекеттік органдарға азаматтардың өздерін қорғалған сезінетін әрі мемлекеттік институттарға сенім артатын тиімді қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруды тапсырды. Қазіргі уақытта бұл бағытта Үкімет жан-жақты шаралар қабылдап жатыр. Атап айтсақ, қылмыстың алдын алу жұмыстары күшейтіліп, заманауи цифрлық технологиялар енгізілуде, заңнама жетілдіріліп, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара серіктестік нығайып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Тамыз, 2025
2026 жылы футболдан өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстанның ұлттық құрамасы 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгияға қарсы ойнайтыны белгілі, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Тамыз, 2025
Жас футболшылар Словенияда сайысқа түседі
Футболдан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-18) 3-10 қыркүйек аралығында Словенияның Рогла мен Предвор қалаларында өтетін «Slovenia Nations Cup-2025» деп аталатын халықаралық турнирде бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 28 Тамыз, 2025
Қостанайда Конституция күніне арналған мерекелік жиын өтті
Қостанайда Конституцияның 30 жылдығына орай «Ата заң –тәуелсіздік тірегі: құқықтық мемлекеттің отыз жылдық дамуы» атты мерекелік конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, заң саласының мамандары, ардагерлер, мұғалімдер, мектеп оқушылары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 28 Тамыз, 2025
Маңғыстаулық дәрігерлер Түркияда тағылымдамадан өтті
Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның Стамбулдағы бас консулдығының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және халықаралық әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында маңғыстаулық дәрігерлер Түркияның жетекші медициналық мекемелерінде тағылымдамадан өтті, деп жазады Egemen.kz.