
Фото: Getty Images / BBC.com
Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық істер жөніндегі үйлестіру басқармасы мен Газа Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың жазына дейінгі кезеңде Газа секторында 58 мыңнан астам адам қаза тапқан, ал 1,9 миллионға жуық тұрғын бірнеше рет қоныс аударуға мәжбүр болған. Бұл – аймақтағы халықтың шамамен 90 пайызы. Қақтығыс салдарынан миллиондаған адам баспанасыз қалды, электр мен ауызсу тапшылығы әлі де шешілмеген күйде.
Бүгінде халықаралық қауымдастық өкілдері атысты тоқтату мен гуманитарлық дәліздер ашу қажеттігін жиі айтып келеді. Әлем елдерінің астаналарында өткен шерулер де осы үндеуді күшейтіп, бейбітшілікке шақырған адамзат дауысының бірігуін көрсетті.